ПЛЕЙ-ОФФ: ТАҒЫ ДА «АСТАНА» – «БАТЭ»

Спорт
569 Views

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының «Астана»командасы 15 тамызда Мальтаның Та-Кали деревнясындағы осы аттас стадионда жергілікті «Валлетта» клубымен жауап кездесу өтізді. Ас а тартысты өткен ойын4:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Роман Мұртазаев (25, 68 минуттарда)пен хорватиялық легионер Марин Томасов (37,89) қос-қостан доп соғып, алаңиелерін есеңгіретіп тастады. Бұл кездесуде астаналық клубтың сапындақандастарымыздан жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықов (1-76 минуттар) пенқорғаушы Абзал Бейсебеков (80-90) екеуі ғана өнер көрсеткен. Алғашқы ойында датөрт доп айырмасымен жеңіске жеткен (5:1) жерлестеріміз осылайша жарыстыңплей-офф кезеңіне шығып отыр. Енді олар Беларустың «БАТЭ-сімен» бәсекегетүсетін болады.

Өз кезегінде беларустық клуб Босния және Герцеговинаның «Сараевосынан» айласын асыра білді. Сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жетіп, өз алаңында тең тарасты (0:0). Плей-офф кездесулерін 22 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында, ал 29 тамызда қарсыластар алаңында өткізу жоспарланған.

Бұл қос клубтың осыдан үш жыл бұрын да плей-офф бәсекесінде кездескені естеріңізде шығар. Сонда Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында өткен кездесудеалаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетіп, сырт алаңдағы ойын 2:2 есебімен теңаяқталған. Сөйтіп, жерлестеріміз топтық бәсекеге жолдама алған. Дәл сондайсәттілік биыл да жалғасса екен дейміз.

Әбдісаттар ӘЛІП,

Спорт журналистері арасындағы республикалық шығармашылық конкурстың лауреаты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *