Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен Әжелер алқасының төрайымы Шолпан Құрманбекова таяуда бір сауап тірлік істеді. Ол егемен еліміздегі Алғыс айту күні мен алдағы Наурыз мерекесіне орай қаладағы №6698 Ұлттық «Ұлан» әскерибөліміне қызмет атқаратын басшылар мен Отан алдындағы азаматтық борышын өтепжүрген өнегелі сарбаздарға арнап ақ дастархан жайып, «Әже дәмін» ұсынды.Үстелдің үстіне қазанда асылған «Бешбармақ» ет тағамы, құрт, ірімшік, майсөк,жент, бауырсақ, тағы басқа ұлттық тағамдармен бірге жеміс-жидектер молынанқойылды. Мақсат – ұлттық рухымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптеу арқылысарбаздардың ата-әже, ата-ана, отбасына деген сағынышын басу болатын.
Басқосу барысында «Достық» әжелер тобы Абай Құнанбайұлының биылғы 175жылдық мерейтойына орай ұлы ақын әрі ойшылдың өмірі мен өнер жолы жайлы сөз етекеле оның әсем әуезді әндерін орындады. Іс-шарада сондай-ақ белгілі қоғамқайраткері Бекет Тұрғараев, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Шерім Медеуов сынды қазыналы қариялар сөз сөйлеп, сарбаздарға деген тәлім-тәрбиелікой-пікірін ортаға салды. Өз кезегінде әскери бөлім басшылары мен сарбаздарқауымы өздеріне көрсеткен құрмет үшін әжелерге рақмет айтты. Кеш соңындақалалық ардагерлер кеңесі әжелер қауымына деген шынайы ризашылық сезімінжеткізіп, оларды Алғыс хатпен марапаттады.
«Әділет-ақпарат».