Соңғы жаңалықтар

АМАНГЕЛДІ БАТЫР МА ӘЛДЕ… БАРЫМТАШЫ МА?

1 679 Views«Ардагер Амангелді ердің ері, Кең байтақ жалпақ дала туған жері. Елі мен мекенінің туын ұстап, Қол бастап қан майданда аққан тері»- деп Жамбыл Жабаев жырға қосқан және «…Амангелді сияқты халық батырлары еріктілер армиясының алғашқы қаһармандары болды»- деп Бауыржан Момышұлы бағасын берген Амангелдіні қазаққа таныстырып жату артық болар еді. Дегенмен, байқасаңыз, батырдың аты кейінгі кездері […]

Толығырақ

МЕНІ ҚАЖЫТҚАН ТАБИҒАТТЫҢ АЯЗЫ ЕМЕС, ӨМІРДІҢ АЯЗДАРЫ БОЛДЫ…

1 341 ViewsАкадемияда шығыс халқынан жалғыз мен оқыдым. Бітіргеннен кейін маған шығыстың бес одақтық республикасынан орын табылмады, тимеді. Мені Азияға жолатпады. Шығыстан менен кейін он бес-жиырма жылдың ішінде мен оқыған академияға еш адам түсе қоймады. Ол ашулы, зарлы шындық. Біздің халық соғысқа ерлікпен қатысты, бірақ, оның құны өте қымбат. Осы күні ауыл толған жесірлер мен жетімдер. […]

Толығырақ

Темекінің адам ағзасына зияны

2 085 ViewsНикотиннің тамшысы ат өлтіретінін тіпті бала да біледі. Алайда, темекі шегушілерге бұл факт ерекше әсер етпейді: бір уақытта осыншама темекі шеге алмайсың деп, өзін тыныштандыра отырып, олар ұзаққа соза отырып, баяу өзін өлтіруді жалғастырады. Сонымен қатар, темекі түтінінің зияны никотинмен ғана емес — ол тек бауыр басады, ал басқа қалғанының бәрі ағзаны бұзады. Темекі […]

Толығырақ

АТАҚ ЕМЕС, АЗАМАТТЫҚ ҚЫМБАТ

1 906 ViewsҰлт жазушысы Мұхтар Әуезов: «Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар: бірі – тіршілік қамы, бірі – адамшылық қамы» дейді. Осы күні көбіміз тіршілік қамындамыз. Иә, ол керек, бірақ сол тіршілік қамынан адамшылық қамы биік тұрған жерде әттегені-ай аз болары хақ. Кейде осы бітпес, алдамшы тіршілік қамын запыраны көбейіп тұрған заманға, бұралаңы көп уақытқа теліп, […]

Толығырақ

КЕК (РОМАН)

967 Views(Жалғасы. Басы өткен сандарда). анша солдатпен алысты, қаншауын атып жер жастандырды, қанша уақыт жұлысты, ол жағы беймәлім, бір кезде өзіне жабылған бірнеше жаудың қоршауынан шыға алмай, арманда қалды. Бір солдат мылтығының дүмімен желкеден соқты, біреуі арттан құлатып іштен тепті, тағы бірі бастан, беттен соқты, қалғандары да қарап қалмай, төпелеп берді. Сансыз соққыдан талықсып кетті. […]

Толығырақ

БҰЛ ҚАЛАЙ?

1 990 ViewsЖуырда «Қазақ әдебиеті» газетінің өткен жолғы санында (16 желтоқсан, 2022 жыл) «Айтайын деп айтпайсың…» деген мақала жарық көрді.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Ғани Қарин «Айтпасаң сөздің атасы өледі» дегендей, қазақ қоғамының қашаннан жанына батқан бітеу жарадай көңілін толқытқан өзекті мәселесін тағы да қозғаған екен. Мәдениет пен өнер туындыларының салмағын сараптап, мәнісін айқындап, маңызын бағалауда […]

Толығырақ

КӨКІРЕК КӨЗІ БАР БОЛСА…

1 954 Views «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы еліміздің руханиятын көтеріп, ел игілігіне жаратылғанының куәсіміз. Байтақ ел Қазақстанның қай шетіне барсаңыз да, алдыңыздан менмұндалап тұрған сәулетті ескерткіштер мен кесенелерді, оны дәріптеген саябақтар мен салтанатты аллеяларды көріп, көңілің марқайып қуанышқа кенелесің. Әсіресе, осы бағдарламаны іске асыруда, жекелеген тұлғалардың ұлттық, патриоттық сезімдерінің зор екеніне көз жеткіздік. Үкіметке қол […]

Толығырақ

ҰЯТ БОЛДЫ-АУ…

2 172 ViewsӨмірде өз шығармашылығын ғана біліп, басқа қақ-соққа араласпайтын қаламиелері болады. Даудан ада, артық сөзге жоқ олардың ұстанымы: «Бәрі уақыт өтекеле анықталады. Шала бүлініп шаршаудың қажеті жоқ. Бірден байбаламға бармай,соңын тосайық. Түбінде түсіністікке қол жеткізілетін нәрсе ғой бұл» — дегенкөзқарас. Расында да ол кейде солай. Өйткені, түрлі жағдайлардан туындаған пікір қайшылықтары келе-келе сараланып, дұрыс шешімін […]

Толығырақ

АЙТПАСА СӨЗДІҢ АТАСЫ ӨЛЕДІ…

2 286 ViewsЖуырда қазақ руханиятының бірден-бір жанашыры, ұлттың, рухтың қамқоршысы «Қазақ әдебиеті» газетінің 2022 жылғы 16 желтоқсандағы № 50 санында «Айтайындеп айтпайсың» деген айқара бетке шыққан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғани Қариннің толғаныспенжазған көлемді мақаласын оқып, көңілім әр саққа жүгіріп, қолыма қалам алуға мәжбүр болдым. Биылғы жылы Абай атындағы әдебиет пен өнер […]

Толығырақ

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ АМАНАТЫНА НЕГЕ ҚИЯНАТ ЖАСАЛДЫ?

1 353 ViewsЖалпы, адамзат баласына шындықтан гөрі өтірік көп қызмет етіп келген. Шындықтың жайнамазына жығыла бермейтініміз сондықтан болса керек. Біз Ұлы Жаратушының құдіретімен аса қымбат үш игілікке, сөз бостандығына, ар-ұждан бостандығына және сонау екеуін де кәдеге асыратын парасатқа ие болдық. Бірақ сол парасатың үнемі жеңе бермеген ашық тайталаста жеңіліс таба береді. Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік […]

Толығырақ