ҒИБРАТТЫ ҒАЛЫМ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Білім Қоғам
142 Views

Жақында Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттықуниверситетінің бас ғимаратының ғылыми кеңес залында журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен, ҚР Бас редакторлар клубының қолдауымен филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Есембекқызы Тапанованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Журналистика мен әдебиеттанудыңөзекті мәселелері мен даму парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-практикалықконференция өтті.

Конференция тізгінін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-діңжурналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ Өмірбайұлы өз қолына алды. Шараның шымылдығын университет басшылығы атынанБасқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Серік БиханұлыМақыш кіріспе сөзбен ашып, Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒАакадемигі, профессор Сыдықов Ерлан Бәтташұлының Құттықтау хатын оқып, ұжыматынан Сәуле Есембекқызының мерейтойына арналған сый-сыяпаттарды табыс етті.«Қазақ аруларының Күлтегіні» деп «Күлтегін» сыйлығын әрі Ғылым және жоғарыбілім министрлігінің «Құрмет» грамотасын салтанатты жағдайда табыс етті.

Келесі кезекте ұстаз, ғалым, аяулы жар, ардақты ана Сәуле Есембекқызының өмірі жайлы қысқаметражды фильм көрсетілді. «Алғашқы қазақромандарындағы әйел бейнесінің революциясы» атты тақырыбын зерттеуге, алғашғылымға табан тіреп, қызығушылығын оятқан ұстазы қазақтың әдебиеттанушы ғалымы марқұм Рымғали Нұрғалиға алғысының шексіз екенін жеткізіп, «өзім болдым, өзім толдымдемеу керек, егер құлшыныс, ізденіс болса талпыныс болуы шарт»,- деп фильмдіқорытындылады. Қазақ романдарындағы әйел бейнесін зерттеу барысында әр әйелбойынан, кейіпкер тұлғасынан жақсы тұстарын бойына сіңіріп, бүгінгі күніәркімге болсын үлгі жанды құттықтауға келген адамдар қатары шексіз болды. Солардыңбірі әрі бірегейі Бас редакторлар клубының 1-ші вице-президенті, республикалық«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы Мұратбек Балқыбекұлы Тоқтағазинеліміздегі 200 бас редакторлар атынан клуб президенті, сенатор Бибігүл Жексенбайдың Құттықтау хатын оқып, ерекше сыйлықтарын табыстады.

Шара барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Есембекқызы Тапанованың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында шығарылған 2 кітабының: «Ұстаз Ғалым Әдіскер», «Сәулелі жылдар» таныстырылымы өтті. Мерейлі жасқа келуімен қатар, мерейлі кітаптардың таныстырылымы өткені қуантарлық,тарихи сәт болды.

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші:Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ардагер журналист Сайраш Әбішқызы Сәуле Есембекқызы жайлы біраз толғады. «Керемет отырыс, кереметтамаша жиын, өмірге адам болып келгеннен кейін осындай бақытты жиында отыруәркімнің арманы. Бақыт деген үлкен құстың қанаты бүгін Сәулетайдың басынанжелпіп тұр. Бүгінгі той ерекше той. Біздің қазағымыз данышпан халық, менжүрегіммен жан дүниеммен айтамын, дүниеде басқа қазақ дейтін халық болмаған, болмайды да. Сәуле Есенбекқызы Тапанова қандай қыз дегенде ең бірінші атаанасының үмітін ақтаған қыз. Екінші қыз болып, бой жетіп, адал жар болып өміргеаттанған бақытты қыз. Ортамызда жүрген алтын адам Сәуле Есембекқызы Тапанова корректордан профессорлыққа жеткен еңбек қайраткері»,- деп жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар ф.ғ.к., Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті журналистика кафедрасының меңгерушісі Жанар Рамазановауниверситетінің бірінші проректорының құттықтау хатын алып келіп, СәулеЕсембекқызын үлгі тұтатынын жеткізді. Келесі құттықтау сөз кезегі тарихғылымдарының докторы, профессор Тілеген Садықұлы Садықовқа берілді. «Жақсының жақсысын айт нұры тассын, сіздің нұрыңыз бүгін ерекше тасып отыр. Қырық жылданастам таныспыз. Алғашқы ашылған пединститутқа алдыңғы леппен бірге келгенбіз.Өмір жолы, ұстаздық өнегелі ұлағатты ісі Жезқазған өңірінен бастау алады.Бүгінгі жетістікке жеткен шәкірттерімізді тәрбиелеуде сіздің рөліңіз зор»,- депөз сөзін қорытындылады.

Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің қазақ тілімен әдебиеті кафедрасының өкілі Камшат Сапарбекқызы Омарова білімге сусапкелген шәкірттерді қаталдықпен қаруландырып, ғалым, ана, әдіскер, ұстаз осыныңбарлығын тең дәрежеде алып жүрген дара жан екенін тілге тиек етсе, ЭльмираАмантайқызы Хамитова ұстазының ізін қуып, ғылым жолына үлес қосып жүргенінжеткізе келіп, Ұлытау облысы әкімінің, Жезқазған университеті проректорының«Құрмет» грамоталарымен марапаттады. Кейін Жезқазғанда өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция сәттерінен шағын видеокөрініс паш етілді.

Сонымен қатар С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетімен Экономика және бизнес университетінің өкілдері Сәуле Есембекқызына құттықтауларын жеткізіп, сыйлықтарын табыстады.

Сәуле Есембекқызы сонымен қатар көптеген баспасөзқұралдарымен де тығыз қарым-қатынаста болып, өз үлесін қосқан. Ел газеті ЕгеменҚазақстанды зерттеуде көптеген еңбектерде мұрындық болған. Сол тұста ДиханҚамзабекұлының құттықтау хаты оқылып, «100 жылдық жылнамалар» атты 5 томдықкітап табыс етілді. Келесі кезекте «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорыныңорынбасары, Бас редакторлар клубының басқарма мүшесі Қамбар Ахметов ,«Түркістан» газетінің Бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы да құттықтау сөзкезегіне ие болып, шұрайлы тілектерін айтты. Сонымен қатар журналистика жәнесаясаттану факультетінің атынан декан Қайрат Сақ Өмірбайұлы бастаған топ: баспасөзжәне баспа ісі кафедрасының меңгерушісі Амангелді Шурентаев, саясаттану кафедрасының меңгерушісі Бағыш Габдулина, Телевизия және қоғаммен байланыскафедрасының меңгерушісі Серікзат Дүйсенғазы шығып, өлең жолдарын арнап,мерейтой иесіне сый сыяпаттарын табыстады. Құттықтау сөзін Журналистика жәнесаясаттану факультетінің 4 курс студенттері Алмагүл Тастанова, Дариға НысанқұлСәуле Есенбекқызына арнаған өлең жолдарымен аяқтады.

Конференцияның екінші бөлімінде пленарлық мәжіліс бастауалды. Тәуелсіз зерттеуші арнайы Испаниядан келген, шақыртылған профессор«Ресурсный подход в исследованиях масс-медиа: к постановке проблемы» аттыбаяндамасымен Пронин Александр Алексеевич, «Дарын» мемлекеттік жастарсыйлығының иегері, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ЕҰУ профессоры,«Жаңаарқалық профессордың даналық шуағы» атты баяндамасымен Ұлболсын Мейірбекқызы Есенбекова, Уфа ғылым және технологиялар университеті, ассистент-оқытушы,«Особенности современных СМИ в аспекте глобализации, Башкортстан» МутугулинаНелли Игоревна, ф.ғ.к., Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры м.а., «Көркем шығармалардағы Тұмар патшайым бейнесі» ЛәззатМахайқызы Әділбекова, ф.ғ.к., профессор, Торайғыров университетінің кафедрамеңгерушісі Айман Файзуллақызы Зейнуллина, Өзбекстан журналистика жәнебұқаралық коммуникация университетінің доценті, PhD, «Спикердің аудиторияменжұмыс істеу принциптері» Гүлноза Шавкатова Джаракулова баяндамаларын оқып,өзекті мәселелер төңірегінде сөз қозғады.

Сонымен қатар пленарлық мәжілістің уақыты тығыз болуына байланысты бағдарламада баяндамалары жоспарланған Гүлжауһар Болатова, АмангелдіШурентаев, Гүлмира Әшірбекова, Ғалия Ақсейіт сынды ғалымдардың еңбектеріконференцияның жинағына енгізілетін болды. Жалпы конференцияға алыс не жақыншетелдерден басқа да оқу орындарындағы ғалымдардан 50 ден астам баяндамалар келіп түсіпті. Сөз соңында Сәуле Есембекқызы келген қонақтар мен әріптестеріжәне шәкірттеріне басын иіп алғысын білдірді.

Конференцияның пленарлық мәжілісінен кейін шарағақатысушылар «Күлтегін» атриумында естелікке суретке түсті. Сонымен қатар пленарлық мәжілістен кейін конференция жұмысы «Бұқаралық коммуникацияқұралдарының бүгінгі таңдағы мәселелері», «Әдебиеттанудың өзекті мәселелеріжәне даму парадигмалары» секцияларында жалғасын тапты. «Журналистика менәдебиеттанудың өзекті мәселелері және даму парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары келешекте жеке жинақ болыпшығарылады.

Аяжан ЕРБОЛ,

ЕҰУ-нің журналистика және саясаттану факультетінің студенті.

Астана

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *