Кешелі бері Молдовада арнайы жасақ әскери жаттығуларын мығымдауға көшті. Беларусьтің арнайы жасағы әскери дайындыққа қатты кірісті. Жан-жағымыз, іргелес елдер агрессорлардан қорғануға көшті.
Ал біздің қазақ сарбаздары ше? Екі күннің бірінде әскердегі суицид туралы еститін болдық. Әскерге сау кеткен бала есінен ауысып, жынды болып қалып жатыр.Жазаға тартылған, қылмысы ашылған бірде-бір әскери қызметкерді, офицерді, генералды көрмедік.
Ашылмақ тұрмақ, Тараздағы қайғылы оқиғаға байланысты фактілерді жариялаған адвокатқа қауіп төніп тұр. Осы жағдайларға байланысты алаңдаушылығын білдірген бір топ белсенді мен ұлт жанашырлары Шымкентте бас қосты. Олар қорғаныс министрі, ұлттық қауіпсіздік төрағасын, шекара қызметінің басшылары отставкағакетсін деп талап қойды. «Қазаққа мұнан асқан азғындық жоқ», «әскердегі айуандықтан кейін ұлдарымыз қалай Отан қорғауға барады?», «Біз оларға қалай Отан қорға деп айтамыз?» деген ашынған зарын жеткізді.
Бұл қазақтан ұйқы қашатын, ұйықтамай дабыл көтеретін мәселе!
Бұл қоғамның қаншалықты дертке ұшырағанын көрсетеді. Мұндай азғындық әскери саланы да шарпыған. Елін, жерін қорғайды деген жауынгерді өз елінде күштеп өлтірмеуіміз керек! Мына сорақылықтан кейін әскерге баруы мүмкін бе жас өскіннің?
Осыны ойлап отырған адам бар ма Қазақстанда?
Ресей ендігі кезекте Қазақстанға шабуылдауы мүмкін бе деген сұрақтар кешелі бері әлеуметтік желіде жиілей бастады!
Ал біздің әскери саламыз бордай тозған, әбден былыққа батып, іріп шіріген жүйе болып тұр!!!