КОНКУРСҚА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

Қоғам
507 Views

Алдағы 2021 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық ұлы мерекесі тойланады. Қазақ халқы ақын Жұбан Молдағалиев айтпақшы «Мың өліп, мың тірілген» сан ғасырлық тарихында адамзат баласының басынан өткізіп келе жатқан қиындықтарды еңсере отырып, бүгінгі күні жарқын болашаққа бой созған 30 жылдық мерейтойын басқа елдер 100 жылда еңсерген биіктерді экономикалық, мәдениет, руханият, өнеркәсіп саласында қысқа мерзімде меңгеріп, ірі жетістіктерге қол жеткізді. Бұл тарихи жетістік көреген көшбасшының Елбасының ерен еңбегіне байланысты екенін әлем жұртшылығы мойындап отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының болмысына біткен төзімділік, қайсарлық, мақсат жолында жанкештілікпен жұмыс жасайтын қасиеті, отан үшін отқа түскен ұлы перзенттерінің арқасында қол жеткізді.

Осы мерейлі мерекені тойлауда тәуелсіздік жолында халқы үшін бастарын бәйгеге тігіп жанын пида еткен, ұлттың ұлы тұлғалары Алаштың ардақты азаматтарының атын атап, түсін түстеп, бейнелерін жас ұрпаққа таныта отырып, оларға мәңгілік ескерткіштер қою, бүгінгі ұрпақтың асыл парызы. Осы мақсатты көздеп Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сарапхана елді мекенінде, Алматы- Термез күре жолының бойында орналасқан ұлттың ұлы тұлғалары, батыр бабалармен, дала даналарының, соғыс ардагерлерінің ескерткіштері орнатылған «Мәңгілік ел» саябағына Алаш ардақтыларының ескерткішін қою қолға алынып отыр. Олар: 1. Ахмет Байтұрсынов; 2. Әлихан Бөкейханов; 3. Міржақып Дулатов; 4. Мұстафа Шоқай; 5. Жаһанша Досмағамбетов; 6. Жүсіпбек Аймауытов; 7. Әлімхан Ермековтер бейнелері. Ескерткіштің оң және сол жақ бөлігіне биік тақтаға көрнекті Алаш қайраткерлерінің тізімі түзіліп жазылады. Алаш қайраткерлерінің өз заманында халқының қамы үшін, жерінің тұтастығы үшін, түбі бір түркі әлемінің басын біріктіру жолында идеялық іс-әрекеттерінен мағлұмат беретін жазбаша тақта қойылады.

Осы жұмысты орындауға қатысамын деген өнер қайраткерлері, «мүсінші, архитектор және т.б.» қатысуына конкурс жариялаймыз.

Ардақтылардың асыл бейнелері тарихи құжатта көрсетілген суреттерімен салыстыра отырып қабылданады. Бұл жұмыс гранит таспен де, мыспен де, қоламен де орындалса, жоғары сападағы орындау шеберлігіне қарап қабылданады. Аталған ескерткіш жоба бірінші ақпан 2021 жылға дейін қонкурстық комиссияға тапсырылуы қерек. Ескерткіш 2021 жылдың маусым айында аталған саябаққа орнатылады. Ескерткіштің тұғырлық жобасы да жасалынып, ұсыныс енгізілуі тиіс. Конкурсқа қатысушылар түсініктеме, қосымша мәліметтер алу үшін, мына сымтетікпен (телефонмен) байланысқа шығуға болады:

+7 775 405 04 11, +7 775 029 36 00.

Конкурс жариялаушыкөрсетілген жұмыстың орындалуын бақылаушы Халықаралық «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қайырымдылық қоры.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *