ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА АУДАН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қоғам
800 Views

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысытуралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығыШорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентауқаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінбөлу жолымен құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда,

2021 жылғы 12 наурыз

№ 534

100 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ АТАНДЫ

Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында жаңа ауданның құрылуына орай салтанатты шара өтті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті тұрғындармен кездесіп, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тарихы бастау алған игі іске атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтты.

«Баршаңызды Сауран ауданының құрылуымен құттықтаймын! Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауран ауданын құру туралы тарихи жарлыққа қол қойды. Кезінде ірі сауда орталығы негізінде құрылып, Ақ орданың астанасы болған Сауран атауы өзінің тарихи мәртебесін қайта алды. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, тарихы Түркістан ұғымымен біте қайнасып жатқан Ортағасырлық Сауран қаласының атауын жаңа ауданға беру – Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы елді қуантқан ерекше оқиға деп білемін», – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Жаңа Сауран ауданының әкімшілік орталығы – Шорнақ ауылы болады. Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері шығарылып, Сауран ауданына өтеді. Жаңа ауданның құрылуына байланысты атқарылатын барлық іс-шаралардың жүзеге асуымен арнайы комиссия айналысады.

Облыс әкімі өз сөзінде жаңа ауданның даму жоспары жайлы бөлісті. Шорнақ ауылы аудан орталығы ретінде дамиды. Жаңа ауданды құру арқылы аудан құрамына енетін елді мекендердегі мемлекеттік қызметтерді алу сапасын көтеруге жол ашылады. Әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы секілді маңызды мәселелерге басымдылық беріледі. Ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамуына күш салынады.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес, Мемле-кет басшысының ауданды құру туралы Жарлығын орындау мақсатында әкімшілік құрылымын жасақтау үшін алдымен аудандық мәслихат құрылады. Тиісінше, мәслихат келісімімен, аудан әкімі таға-йындалып, ауданды басқару жүйесі және бюджеті бекітіледі. Құқық қорғау орган-дары мен министрліктердің аудандық бөлімшелері өз қызметін бастайды.

Облыс әкімі атап өткендей, алдағы 1-2 жылдың көлемінде барлық әкімшілік, әлеуметтік нысандардың құрылысы бітіп, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал, әзірге бұл мемлекеттік органдар мен аудан әкімдігін қоса алғанда уақытша жекелеген нысандарды жалға алып, жұмысын жүргізеді.

«Құрметті аудан тұрғындары! Жаңа ауданның әлеуметтік-экономикалық да-муы үшін облыс көлемінде барлық тиісті шаралар қабылданып, жұмыстар атқа-рылады. Осы тарихи кезеңнің басталуымен баршаңызды тағы да құттықтай отырып, жаңа ауданның әлеуетін арттыру жолында аянбай еңбек етуге шақырамын», – деді Өмірзақ Шөкеев өз сөзінде.

Жаңадан құрылатын аудан халқының саны 100 мыңнан асатын болады. Кентау қаласына қарасты 12 ауылдық округінің жалпы көлемі 650 мың гектарды құрайды.

САУРАНДЫҚТАР ЕЛБАСЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ

Сауран ауданының тұрғыны атанған 100 мыңнан астам халықтың атынан сөз сөйлеген саурандықтар тарихи сәттен тыс қалмай, Елбасына алғыстарын жеткізді. Тарихи жаңалықты шын ықыласпен қабылдаған халық Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тарихы бастау алған игі іске байланысты Ұлт көшбасшысының қосқан елеулі еңбегіне ризашылығын білдірді. Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында жаңа ауданның құрылуына орай салтанатты шара өтті.

Саурандықтар Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы атануына ықпал еткен және қасиетті қаланы Арнайы Жарлығымен облыс орталығы етіп бекіткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, Тұңғыш Президентіміздің ісін жалғастырып, Түркістанның дамуына күш салып жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылықтарын білдірді.

«Біз бұл күнді бірнеше жылдан бері күткенбіз. Халқымыздың тілегін орындаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа, Мемлекет басшысына халықтың, елдің атынан алғысымыз шексіз. Осы күнді асыға күткен барша халықты қуантқан тарихи шешім үшін тұрғындар дән риза. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, тарихы Түркістан ұғымымен біте қайнасып жатқан ортағасырлық Сауран қаласының атауын жаңа ауданға беру – Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы елді қуантқан ерекше оқиға болды», – деді Еңбек ардагері Салыбек Әлжанов.

2018 жылы 19 маусымда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша, Елбасы қабылдаған стратегиялық шешім күллі түркі жұртының рухани астанасы болған Түркістанның қайта түлеуіне үлкен серпін берді. Бұл қаламен мың жарым жылдық тарих сабақтасып жатыр. Кезінде ірі сауда орталығы негізінде құрылып, Ақ орданың астанасы болған Сауран атауы өзінің тарихи мәртебесін қайта алды.

«Көне шаһарды облыс орталығы етудегі Нұрсұлтан Әбішұлының бастап берген жолының жалғасы ретінде Түркістанмен іргелес жатқан Кентау қаласын серіктес қала ретінде дамыту жоспары бекітілді.

Осы ретте қала шекарасының кеңеюі, тұрғындар санының екі есеге артуы тез арада жаңа аудан құруға себеп болды. Осы тарихи шешімнің ұйытқысы болған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Мемлекет басшысына халқымыздың атынан алғысымызды білдіреміз»,– деді Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев.

«Түркістан қаласының іргесінен жаңа аудан құруға ұйытқы болған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа, Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа барша Сауран ауданының жастары атынан шексіз алғыс айтамыз. Елге, жерге қызмет етуге шақырамын», – деді Сауран жалпы орта мектебінің мұғалімі Ердәулет Бұхарбаев.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес, әкімшілік құрылымын жасақтау үшін алдымен аудандық мәслихат құрылады. Тиісінше, мәслихат келісімімен аудан әкімі тағайындалып, ауданды басқару жүйесі және бюджеті бекітіледі. Құқық қорғау органдары мен министрліктердің аудандық бөлімшелері өз қызметін бастайды.

МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ПОРТАЛ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

Былтыр пилоттық режимде мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қызметтерді пайдалануға арналған aleumet.egov.kz порталы іске қосылған болатын. Жүйе техникалық оңалту құралдарының 24 түріне және мемлекеттік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс беруге арналған. Бұл жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Айжани Нұрланова брифингте мәлімдеді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Жамбылұлының тапсырмасына сәйкес, жаңа порталды насихаттау, жұмыстарын таныстыру мақсатында Түркістан қаласында, Төле би, Келес, Түлкібас аудандарының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, порталдың жұмыс барысы қадағаланды.

«Жүйенің мақсаты – мүгедектігі бар жандардың жеткізушілермен тікелей делдалсыз байланысты қамтамасыз ету. Порталда қызметтерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек. Порталдың басты артықшылығы – пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту техникалық құралдарын таңдау мүмкіндігі. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтардың қажетті заттарына тез арада қол жеткізе алады. Бұрын мемлекеттік сатып алу арқылы техникалық құрал-жабдықтармен қамту кезінде азамат 8 айға дейін күтуі керек болса, енді порталға тапсырыс беруден бастап үйге жеткізуге дейінгі уақыт 15 күнге дейін қысқарды. Ең бастысы, мүгедектігі бар азаматтар тауарлар мен қызметтердің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады. Біз аудандарды аралау барысында порталмен жұмыс істеу барысы тексерілді. Аймақтарда анықталған мәселелер дер кезінде шешімін тапты. Сондай-ақ, тұрғындар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспановқа толғандырған сауалдарын тікелей ұялы байланыс арқылы қойып, жауаптарын алды. Мүгедектігі бар азаматтар портал пайда болғалы қажетті заттарының сапасы артқандығын айтты. Қолдауға мұқтаж азаматтардың қажеттілігін қамтамасыз ету, тауар мен қызметтің сапасы – министрдің тікелей бақылауында»,– деді министр кеңесшісі.

Бүгінгі таңда порталдағы тізілімде 64 қызмет түрі бар. Атап айтқанда, 14-і ымдау тілі маманы, 18 жеке көмекшінің қызметін көрсету, 14 оңалту техникалық құралдары және 18 ұйым санаторий-курорттық емдеу қызметін қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, 9 ымдау тілі маманы және 85 жеке көмекші порталда жеке тұлға ретінде тіркелген.

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ БИЫЛ 127,3 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Биыл Түркістан облысының тұрғындарына медициналық жәрдем көрсетуге 127,3 млрд. теңге бөлініп отыр. Оның ішінде, тегін медициналық қызмет бойынша – 74,9 млрд. теңге, медициналық сақтандыруға – 52,4 млрд. теңге. Бұл жайында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нұршат Айтымбетова мәлімдеді.

«Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруды ескере отырып, Қор биылғы жылы белгіленген жоспарлар мен жаңа бастамаларды жүзеге асыруға ниетті. Айта кетерлігі, неонаталдық скринингтер жүргізуге, сәбилердің психофизикалық дамуын бағалауға, мектептегі медицинаны дамытуға қосымша қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, ауылдарда медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыруға байланысты қаржыландыру көлемі 20%-ға көбейеді», – деді Н.Айтымбетова.

Өткен жылы МӘМС пакетіне Түркістан облысы көлемінде медициналық көмекке 36,3 млрд. теңге жұмсалған болатын. Осы кезеңде Қор активіесебінен облыстың стационарларында жоспарлы түрде 200 мыңға жуық пациентемделіп, 21,5 млрд. теңге төленді. Сондай-ақ, былтыр жоғары технологиялымедициналық қызметтің көмегімен 62 ота жасалып, оған 121 млн. 896 мың теңгебағытталған.

Бұдан өзге, 2020 жылы медициналық оңалту шарасына 3,1 млрд. теңге жұмсалған. Биылғы жылы оңалтуды қаржыландыруға 4,6 млрд. теңге бөлініп отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 6 есеге артқан. Яғни, оңалту орталықтарының, медициналық ұйымдарда оңалту бөлімдері мен кабинеттердің жұмыс істеуіне серпін берілмек.

ДЕПУТАТТАР ҮЙ АРАЛАП, БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫН БАЯНДАП ЖҮР

Қоғамда депутаттар сайланып алған соң сайлаушыларға төбесін көрсетпейді, уәдені беріп, орындамайды деген пікірлер айтылып қалып жатады. Дегенмен, «Nur Otan» фракциясының депутаттары қоғам тарапынан өздеріне қандай жауапкершілік жүктеліп отырғанын біледі. Арнайы жоспарға сәйкес, халық қалаулылары канвассинг-кездесулер өткізуді жалғастырады.

Түркістан облысы, Арыс қалалық мәслихатының депутаты Амантай Байтанаев канвассинг өткізді. Ол «Арыс қаласының құрметті азаматы», ҚР Білім беру ісінің, Мәдениет саласының үздігі, ақын Әбдіков Темірхан Қыстаубайұлының шаңырағында болды. Депутат «Nur Otan» партиясының Арыс қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында қалада атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Депутат «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Арыс қаласы, «Көктем-2» шағынауданынан 5 қабатты, 60 пәтерлік №10, 11 тұрғын үйлердің құрылысына республикалық және облыстық бюджет есептерінен қаржы қаралғанын, құрылыс жұмыстары басталғанына тоқталды. Нысандар 2021 жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталып, 120 отбасы баспанамен қамтамасыз етілетінін жеткізді. Сонымен қатар, депутат Арыс қаласы, «Көктем-2» шағынауданынан 5 қабатты, 60 пәтерлік №7,8 тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталып, 2022 жылы аяқталатынын, сайлауалды бағдарламадағы әрбір индикатор партия бақылауында екенін жеткізді.

Кездесу соңында Темірхан Әбдіков Арыс қалалық мәслихат депутаттарының Жол картасы аясындағы межелерді толық орындауға үлесқосатындарына сенім білдірді. Ел алдындағы аманатқа адал болуға шақырды.

Депутат Амантай Байтанаев осы күні славян этно-мәдени орталығының Арыс қаласы бойынша өкілі, №8 В.Комаров мектебінің бастауыш сыныпмұғалімі Любовь Шолгинананың отбасында болып, білім саласы бойынша атқарылыпжатқан жұмыстарды баяндады.

Жалпы Түркістан облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттарда «Nur Otan» фракциясының 263 депутаты бар. Олар карантин талаптарын сақтай отырып канвассинг-кездесулер, қоғамдық қабылдау өткізуді жалғастырады. Сонымен бірге тікелей әлеуметтік желіде тікелей эфирде «Депутатқа сұрақ қой» іс-шарасы бойынша тұрғындардың сауалдарына жауап береді.

Бетті дайындаған З. ДҮЙСЕНБЕКОВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *