АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТАТЫН ШАДИЕВАҒА НЕ ШАРА?

Мәселе
1 313 Views

Елімізде білім саласы саяси реформалардың сынды кезеңін өткеруде. Республикамыз бойынша барлық жергілікті білім бөлімдері, басқармалары толығымен 2021 жылдан ҚР Білім жәнеҒылым министрлігінің қарамағына өтті. Қарапайым тілмен айтқанда ауданның білім бөлімі – облысқа, ал облыстық басқарма – министрлікке бағынышты болды.Дегенмен, жергілікті атқарушы билік пен халық арасында көптеген қолайсыздықтардың туындағаны да жасырын емес. Қалыптасқан дәстүр бойынша әлі деаудандардағы тұрғындардың білім саласының жүйесіне наразылықтары өз шешімінтаппай келеді. Түркістан облысы, Сайрам ауданы (Білім бөлімі) қазіргі қолданыстағы сөзбен айтқанда «Адами әлеуетті дамыту бөлімі» мен оның басшысына,яғни Шадиева Құралай Балтабайқызына қатысты арыздар редакциямызда қордалануда.Әсіресе еліміздегі бірнеше телеарналарында көрсетілген «Күншуақ» б/б-да орыналған жәйттар елді бей-жай қалдырмай отыр. Осыған сәйкес, 2021 жылы 17 наурызкүні аталмыш ауданның Адами әлеуетті дамыту бөліміне арнайы іссапармен барғанболатынбыз.

«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің, яғни редакциямызға келіп түскен арыздар негізінде айтарымыз төмендегідей:

Сайрам ауданы әкімінің 17.09.2020 жылғы №400 Қаулысына сәйкес, «Күншуақ» балабақшасы МКҚК-ның «Сайрам аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне басқару құқығымен берілген. Ұжымдық арыздағы көрсетілген жайттар бойынша редакциямызға Сайрам ауданы «Адами әлеуетті дамыту бөлімінің» басшысы Қ.Шадиевадан «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы» МКҚК туралы берген ақпаратында былай баяндалады:

«Күншуақ» бөбекжай ғимараты 1978 жылы салынған және күрделі жөндеу жұмыстары 2011 жылы жүргізілген. Ағымдағы жылы қаңтар айында ауа райының қатты суытуына байланысты балабақшаның жылу жүйесі істен шыққан. Осыған байланысты күрделі жөндеуге және жылу жүйесін қалпына келтіруге шығын сметасы мен қажетті қаражатты қарастыру жөнінде құжаттар дайындалуда», – дейді.

Мұндай ескі ғимаратта балаларға арналған мекеменің орналасуы осы кезеңге дейін неге білім бөлімінің назарында болмаған?! Әу баста неге осы мәселені дер кезінде қарастырып, қамтымаған?!

Редакциямызға келіп арызданған ата-аналар мен ұжымның жанайқайы бізді де бей-жай қалдырмады. Зерделеу барысында түсірілім тобы арнайы ат басын бұрып, тозығы жеткен ғимараттың шын мәнісінде қандай күйде екенін өз көзімен көріп қайтты. Жағдайдың қалай өрбігенін нақтырақ баяндасақ:

2020 жылы 14 желтоқсанда газ өлшегіш (газоснабжение) істен шығып, соның салдарынан 8-9 қаңтар күндері су құбыры жарылып кеткені жәнеол бойынша б/б меңгерушісі Р.Айтжанова жазбаша дабыл қаққанын айтып отыр.Алайда, Сайрам ауданының білім бөлімі басшысы Қ.Шадиева ешқандай әрекет етпейсоған қосымша штат санын қысқартып, айлық жалақының уақытылы төленбегенін айтқан.

Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасына өткенге дейін де «Жұмысындағы берекетсіздігі өз лауазымына лайықты емес деп те дәрежеленген екен. Оған дәлел Сайрам ауданының әкімі бірнеше тәртіптік шара қолдану туралы өкімінде тәртіптік шара негіздері көрсетіледі. Онда Қ.Шадиеваның ісі жиі-жиі Мемлекеттік Әдеп кеңесінде қаралып, №47 шешім қабылданған. Осының нәтижесінде Сайрам ауданы әкімінің 26.08.2020 жылдағы №192 ӨКІМІ. Онда Қ.Шадиеваның тәртіптік жауапкершілі қаралып, оған «Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы берілген.

Редакцияның журналистік зерттеу, зерделеу барысындабірінші қаржылық тұрғыда, яғни мемлекет қаржысының заңсыз жұмсалуына байланыстымаңызды сұрақтар туындап отыр. Бұл туралы арнайы сұраныс хаттар «Күншуақ» б/ббасшылығына да ресми түрде жіберілді. Бұдан бөлек арызданушылардың көтеріпотырған мәселесі олардың айтуынша «Адами әлеуетті дамыту бөлімінің» басшысыҚ.Шадиеваның іс-әрекеттерінде келеңсіз жәйттердің көптеп орын алғандығы. Олбасшылық жасап жатқан уақыттан бері мектептер мен мектепке дейінгі білім беруұйымдарындағы барлық мәселелері, жұмысқа орналасу, басшылыққа тағайындау, яғникадр қозғалысы Шадиеваның осы аудандағы «Жұмабегі» арқылы шешілетіні айтылуда.Әзірге ол «Жұмабектің» аты-жөні мен туыстарын жариялауды құпияға қалдырыпотырмыз. Бұдан бөлек білім беру мекемелері басшылары мен орынбасарларынан әр айсайын ақша жинау туралы да әңгімелер ел аралап кетіпті. Алдағы уақытта бұл айтылғанәңгімелердің ақиқаты әлеумет назарына ұсынылатын болады. Яғни, жалғасы келесі санда.

Әділ ҚЫРАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *