КӘСІПТІ НӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН АЗАМАТТАР

Қоғам
251 Views

Сайрам аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Мемлекет тарапынан көрсетілген көмектер мен бағдарламаларды дұрыс бағытта пайдаланып, қазіргі таңда кәсібінкеңейтіп отырған бір топ кәсіпкер азаматтармен кездесу өткізілді.

Солардың бірі Қарасу ауылының тұрғыны Нұрлан Бекбердиев.Ол 2021 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде,мем-лекеттік грантқа ие болып, өз кәсібін ашқан азаматтардың бірі. Нұрлан Бекбердиев 4,5-соттық жерге, 55-түп лимон ағашын отырғызған. Кәсіпкердіңп айымдауынша 2-3 жыл аралығында бір лимон ағашынан 30-ға жуық жеміс алатындығын, ал бір жыл ішінде жалпы өнім 1-тоннадан асатындығын жеткізді.

Ерікті жастар кәсіпкердің жылыжайына арнайы барып, қазіргі жағдайымен танысып қайтты.

Нұрлан Бекбердиев лимон ағаштарынан қалған бос жерлерге қияр, қызанақ егіп қосымша өнім өндіруде.

Бүгінде кәсіпкердің еңбегін өз көзімен көріп, сұхбаттасып қайтқан аудандық ерікті жастар, ақыл-кеңес сұрап, көңіл қуантып қайтты.

Нұрлан мырза өз сөзінде: Мемлекет тарапынан жастарымызға көптеген қолдаулар көрсетіліп жатыр, тек алған көмекті дер кезінде дұрысбағытта жұмсап, қорықпастан өз кәсіптеріңізді бастап, елдің дамуына деген өзүлесімізді қосуға тиіспіз деген болатын.

Жастарымыз кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *