«ҚЫРАН» ҚАПЫ ҚАЛДЫ

Спорт
2 029 Views

Премьер-лигада оныншы орынды еншілеген Павлодардың «Ертісі» мен бірінші топта үздік үштікке іліккен Шымкенттің «Қыран» клубы арасында өтпелі ойын өткізілді. Онда сырт алаңда 3:0, өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жеткен керекуліктердің жолы болды. Сөйтіп, олар күштілер тобындағы орнын сақтап қалуға жетісті. Осылайша «Қыранның» жолы болмады. Өз кезегінде Петропавлдың «Қызылжары» мен Оралдың «Ақжайығы» бірінші топқа түсіп қалды. Олардың орнын келесі жылы Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен «Тараз» басатын болады.

Ә. КЕЛЕСҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *