3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

Қоғам
276 Views

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында түрлі жұмыспен қамту шараларымен 100 мыңға жуық жас қамтылатынынайтқан болатын. Берілген тапсырма шеңберінде Түркістан облысының Келесауданында нақты істер атқарылып жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту оратылығының ұйымдастырумен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытужөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 5407 азаматты жұмыспен қамту шарасынақатыстыру жоспарланып, 2022 жылдың 8 айында 2890 азамат жұмыспен қамту шарасына қатыстырылып отыр. Бұл туралы аудандық халықты жұмыспен қамту оратылығыныңдиректоры Н.Темирбаева жалпы жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындарыжәрмеңкесінде мәлімдеді.

Келес ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесіөтіп, 57 жұмыс беруші мекемесінен 30 тұрақты бос жұмыс орнын, жастар практикасына – 86, «Күміс жас» жобасына – 6, қоғамдық жұмыстарына 67 бос жұмысорнын ұсынды. Сонымен қатар аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, мүмкіндігішектеулі азаматтарды жұмыспен қамту үшін аудандағы 8 жұмыс берушіге 8 квотабекітіліп, 2 азамат жолданып отыр. Ал «Пробация есебінде тұрған» азаматтар үшін7 жұмыс берушіге 7 квота бекітіліп, 2 азамат жолданды. Айта кетейік, бұлжәрмеңкеден басқа, биыл бекітілген кестеге сәйкес екі рет бос жұмыс орындарыжәрмеңкесі өткізілген болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *