Бостандық бізгеоңайлықпен келген жоқ, ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлматзамандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуге тиіс.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.
Қазақстан Республикасының Президенті
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласынан
Ұлы Абай «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсыата-ана, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан» болады деген! Бұл тұрғыда, әсіресе ұстаздар қауымына артылар сенім, жауапкершілік жүгі жеңіл болмаса керек. «Ұлағат– ұстаздан» дейді халқымыз. «Шәкіртсіз – ұстаз тұл» екенін де алғаусыз алғатартады. Қалай аталса да, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздар қауымының атқарар қызметі де,қоғамдағы алатын орны да ерекше.
Тәуелсіздік алғаннан бері ауқымды өзгерістер кезеңі білім беру жүйесін жаңартып, оның құрылымын, мазмұнын жетілдіруге, білім негізі саналатын – мектеп үшін сапалы білім мен саналы тәрбиеге ерекше талап қоюда. «Мектеп – кеме, білім – теңіз» екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Қаншама жылдар ішінде өзі ұшырған түлектерінің еңбек нәтижелері бүгінде мектеп ұжымының жарқын мысалы.
Аймақтарда білім алуға деген сұраныстың өсуі, жергілікті ұлт өкілдерінің арасында мұғалім кадрларының жетіспеушілігі де, халық ағарту ісінде кезінде болды. Жаңа сапалық деңгейге көтеру қажеттілігі т.б. жыл санап шешілуітиіс өзекті мәселенің біріне айналды.
Алғашқыда ауылымызда 1940 жылы Ұлы Отан соғысының тұсында7 жылдық орыс-қазақ Ворошилов атындағы орта мектебі ашылды. Ауыр жағдайғақарамастан білім алушылар саны күн сайын артып отырған. Бүгінгі қоғамымызда өзорны бар, көптеген ғалымдардың, елге танымал өнер, мәдениет, қоғамқайраткерлері білім алған қара шаңырағы. Мектептің алғашқы басшысы 1952 жылыМанашов Қоныс мырза болған. 1952-1971 жылдар аралығында Егенов Дүйсен, Абдрайымов Сапарбек, Оразханов Тұрымтай, Сахов Нұрымбет, Әбішев Жұпарбек, Божымбетов Ережеп, Есжанов Орынбек, Артықбаев Болатбек, Сейдуллаев Насырханбасшылық жасаған. 1958 жылы 8 жылдық орта мектеп болған. 1960 жылы 10 жылдық«Қазақ ССР-інің 40 жылдығы» атындағы орта мектебі болған. Осы уақытқа дейінӘминова Гаухар, Байтелиев Меңлібек, орыс тілінен Валентина Яковлева, ЛюцияОттовна, Ахметова Ханзада, Ағманова Қасиет, Тамырбаева Назира, неміс тіліненВ.Гофман, бастауыш сынып Маханов Көшкінбек, Бекжанов Лесбек, Ахметов Ноғай,Шермитова Буман, Садықова Жібек, Әбиева Салима, Рысбаева Жұмагүл, ИбрагимоваҚатира, Тамырбаева Бибіжамал, Бейімбетова Сапаркүл, Рапишева Ұлтай, ШаменоваАйхан, ән-күй пәнінен Маханов Жұбайхан, қазақ тілінен Есжанов Оразкелді, Жақсылықова Гүлістан, Абдуллаева Дүйсенкүл, физикадан Қалтаев Шайық,Мақұлбекова Бейбігүл, Төлепов Асан, математикадан Бекболатова Сұлу, ӘбиевДүйсенбек, тарих пәнінен Дәуренбекова Сара, Ботабекова Әсия есімді ұстаздарсабақ берген. 1967-1971 жыл аралығында Сәтенбеков Әлжан, 1971-1973 жыл Мұратов Нұрман мырзалар директор болған. Мектептің ғимараты ескіруіне байланысты 1978 жылы мемлекеттік қазынадан қаржыландырылып салынған мектепте жыл санап оқушыларартта түсті. 1973-1980 жыл Мергенбаев Тоймаханбет, 1980-1984 жыл СыздықовХайрулла, 1984-1985 жыл Мергенбаев Тоймаханбет, 1985-1990 жыл Ағайдаров Райымқұл мырзалар директор болған. 1993 жылдан бастап мектепке ұжым және немістілі пәні мұғалімі Әлімбеков Мұңайтпастың ұсынысымен көрнекті мемлекет және қоғамқайраткері Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлы есімі берілді. 1990-1998 жылдарСәтенбеков Әлтөре, 1998-2000 жылдар Әлімбеков Мұңайтпас, 2000-2004 жылдар Тәкенова Сәуле, 2004-2007 жылдар Сауырбаева Гүлмира, 2007-2016 жылдар Мақұлбеков Мыңбосын, 2016-2023 жылдар Асқаров Сәрсенбек, 2023 жылы 31 тамызданбастап Шаулиева Сапаргүл Тұрлыбекқызы мектепте басқарушылық қызмет атқаруда.
Республикамыздың, облысымыздың, ауданымыздың басшы орындарында еңбек еткен, еңбегімен ел мүддесіне үлес қосып жүрген түлектерәрқашан да қарашаңырақты ұшқан ұясы ретінде құрмет тұтады. Оқу орны түлектеріөмірдің сан саласында ел игілігіне қызметте жүргені мектебімізде алған білім, өмірге деген құлшыныстарының жалғасы іспеттес. Еліміздің тәуелсіздік алуымен байланысты әлемдік білім беру кеңістігіне шығуымыз білім беру жүйесіне де жаңа өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Халық санының көбеюіне байланысты,сыныптағы оқушылардың сыйымдылығын ескеріп 2022 жылы қосымша 150 орындықғимарат салынды.
Білім беру бағытындағы жұмыстарын одан әрі жетілдіру, білікті тәжірибелі ұстаздарымыздың арқасында оқу әдістемелік жұмыстарын насихаттау, тарату мақсатында газеттер мен журналдарға шыққан қаншама жұмыстартарих қойнауына енуде. Атап айтатын болсақ, бейнетінің зейнетін көріп жүрген ардагер ұстаздар: Датқабаева Ұлжалғас, Ырсымбетова Гүлнар, Омарбекова Шарипа,Әбілхайыров Ильичбай, Абжалиев Тұрсынбай, Есимова Сапаш, Мәуленова Рашида, Ахметова Аққыз, Муталиева Мөлдір, Мұсырманқұлова Гүлзира.
Бүгінде Түркістан облысы білім басқармасының Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектеп – заманауи оқу орны. Негізгі мақсаты: мектептегі педагогикалық процестің қызмет ету мен дамуының мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкескелуіне қол жеткізу, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білімалу мүмкіндіктерін, денсаулық жағдайын ескере отырып білім беру процесін оданәрі жетілдіру.
«Тарихты білмей – келешекті болжау қиын» деген Әл-Фараби бабамыз.
Туған елдің шаңырағы биік, керегесі мығым болуы – қазақстандықтардың рухани ынтымақтастығында екенін жауапкершілікпен ұғынған ұжым Президент жолдауын жүзеге асыратын білім, оқу-тәрбие саласында абыройлы істің ұйытқысы бола бермек.
С. Т. ШАУЛИЕВА,
«Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.