ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖАҚСАРА ТҮСТІ

Экономика Қоғам
278 Views


Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша аудан, қалалардың 2024 жылдың І тоқсанындағы рейтингі шығарылды. Бұл ретте түрлі саладағы индикаторлар есептеліп, қорытындысы баяндалды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көш соңында қалған аудан, қала әкімдеріне ескерту жасап, жұмысты үйлестіруді, жандандыруды тапсырды.

– Биылғы І тоқсанда облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім бар. Көрсеткіштер жақсарған. Бірақ жекелеген аудан, қалаларда бірқатар индикатордың орындалуы төмен деңгейде болды. Өнеркәсіп пен өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемінің нақты көлемі индексі Мақтаарал, Шардара, Отырар, Сауран және Сарыағаш аудандарында орындалмаған. Негізгі капиталға тартылған инвестицияның нақты көлем индексі Отырар, Кентау, Мақтаарал мен Жетісайда төмендеу орындалып отыр. Осы секілді бірқатар көрсеткіштер бойынша жоспарларды орындамаған аудан, қалалар бар. Олар негізгі көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қабылдамаған. Рейтингте соңғы 3 орында тұрған аудан, қала әкімдерінің жауапкершілігін қолданыстағы заңнама аясында қарау бойынша ұсыныс енгізілсін. Белгіленген көрсеткіштердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Басты бағыттар – инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларында оң динамика сақталды. Жалпы рейтингте 37 индикатор жоспарланған.

Өнеркәсіп өнім көлемін есепті кезеңде 226,1 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, ол 274,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 107,1% деңгейінде орындалды. Жоспарға қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің есепті кезеңде 103,3 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, нақты 122,5 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 114,8% деңгейінде жүзеге асқан. Ауыл шаруашылығында өнім көлемін122,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, нақты 128,8 млрд. теңгені құрап, артығымен орындалған. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның І тоқсандағы межесі 105,5 млрд. теңге болса, нақты 132,3 млрд. теңгені тартылып, артығымен атқарылған.

Құрылыс жұмыстары көлемінің жоспары 31,5 млрд. теңге болса, нақты 36,7 млрд. теңгені құрап, жоспарға қол жеткізілді. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер жоспары 120,1 мың шаршы метр болса, нақты 150,3 мың шаршы метр үй пайдалануға тапсырылған. Ішкі туристер саның ұлғайту мақсатында І тоқсанға 45 490 адамға жеткізу жоспарланған, орындалуы 46 683 адамды құрап аудан, қалаларда межеленген жоспар толығымен орындалды.

АЕМ-ді мобильді интернетпен қамту көрсеткіші бойынша аудан, қалаларда межеленген жоспар толығымен атқарылған. Сонымен бірге қанайналым жүйесі мен қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім төмендеген.

Жалпы рейтингтік бағалау нәтижесінде көшбасшылар қатарында Сауран, Кентау, Сайрам және Түркістан әкімдіктері орналасқан.

«ӨЗІМІЗДІҢ ӨНІМДІ ТҰТЫНУ БОЙЫНША ОБЛЫСЫМЫЗ КӨШ БАСТАУЫ КЕРЕК»

Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты мекемелер мен аудан, қала әкімдерінің басын қосып, осы саладағы жұмыстарды жүйелеу мақсатында мәжіліс өткізді. Су үнемдеу технологиясын енгізуді кешеуілдетіп жатқан аудан, қала басшыларына ескерту жасап, ширақтық танытуды жүктеді.

– Мемлекет басшысы агросаланы су үнемдеу технологиясын енгізе отырып дамытуды тапсырды. Өңірімізде су үнемдеу технологиясын шығаратын зауыт іске қосылды. Оның өнімін тұтыну бойынша облысымыз көш бастауы керек еді. Бірақ әлі де жүйелі жұмыс көрмей тұрмын. Жауапты басқарма аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, шаруаларға су үнемдеу технологиясын енгізу жолдарын түсіндірсін. Оларға көмектесіңіздер. Сонда ғана қозғалыс болады. Аудан, қала әкімдеріне су үнемдеу технологияларын ендіру жоспарын мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Индикаторға енгізіліп, рейтинг жасалады. Жұмысты дұрыс үйлестіре алмаған басшылардың жауапкершілігі қаралады. Тамшылатып және жаңбырлатып суғару алқаптарын еселеп арттыру – уақыт талабы, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов су үнемдеу технологияларын енгізу және осы бағытта өндірістік кәсіпорындар ашу мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларды баяндады. Биыл облыста 22442 гектар жерге су үнемдеу технологияларын ендіру көзделген. Бүгінде 4 мың гектарға жуығына ендірілген. Қалғанында жұмыс жүріп жатыр.

Мәжілісте «Тұран су» мекемесі жанынан су үнемдеу технологияларын шығаратын өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар да сарапталды. Екі ай көлемінде Саурандағы өнеркәсіптік аймағында тамшылатып суғару құбырын, шланг және өзге де құрылғылар шығару бойынша бірнеше жоба жүзеге асып, кәсіпорындар іске қосылады. Инвесторлармен келісім жасалған.

Жиын соңында аудан, қала әкімдеріне жұмысты жандандыру, жауапты басқармаға тамшылатып суғару технологиясын ендіруші шаруа қожалықтары мен мердігерлерге тиісті қолдау көрсету тетігін жетілдіру жөнінде тапсырма берілді. Сонымен бірге су үнемдеу технологиясына бет бұрған кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын сүйемелдеу, қолдау көрсету жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

КӘСІПКЕР АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ӨНДІРІС ОРНЫН ҰЛҒАЙТУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

Бүгінде балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар беріліп отыр. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, кәсіпкерлермен кездесті.

– Түркістан облысында бәсекеге қабілетті салалардың кластерлерін қалыптастыруға барлық мүмкіндік бар. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамдас бөлігі саналатын тоқыма өнеркәсібінде мақтаны өңдейтін кластерлер өркендеуі мүмкін. Сондай-ақ тігін кластерін құрудың мүмкіндігін қарастыруға болады. Мақтадан дайын өнім шығарсақ, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Осы бағыттарға басымдық беріледі. Өңірдегі тігін фабрикаларының мүмкіндіктері сараланып, мемлекеттік қолдау көрсету жолдарын қарастырамыз, – деді Дархан Сатыбалды.

Облыс әкімі Қайнарбұлақ ауылдық округі, Тоған ауылындағы «Көмеш балық» шаруа қожалығының балық өсіру жұмысымен танысты. Тауарлы балық өсіретін шаруашылық 2017 жылы құрылған. Жоба құны – 750 млн теңге.

Жылына 721,6 тонна балық өндірілетін шаруа қожалықта «сазан», «ақ амур», «ақ тұқы», «судак» балықтары өсірілуде. Мұнда 19 адам жұмыспен қамтылған. 259 га жер телімінде тауарлы балық өсіретін 13 тоған бар. Бүгінде қожалықта жасанды түрде шабақ өндіру, тауарлы балық өндіру, қыстау тоғандарында аталық-аналық күтіп баптау қызметтері жүзеге асып жатыр.

Одан соң өңір басшысы Ақсукент ауылы, Қарабұлақ тасжолының бойында орналасқан «АХБК» ЖШС-нің тігін фабрикасына аялдады. 2018 жылдың қараша айында іске қосылған фабрикада арнайы формалар, әскери киімдер, төсек-орын бұйымдары тігіледі. Шағын кәсіпорын жылына 1 млн дана киім-кешек пен төсек орын бұйымдарын шығаруға қауқарлы. Шикізат Ресей, Түркия елдерінен тасымалданады. Бүгінде кәсіпорын өнімдері негізінен ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр. Аталған өндіріс орнының құны 1200 млн теңгені құрайды. 1,2 га аумақты алып жатқан шағын кәсіпорында жергілікті 100 адам жұмыс істейді. Кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс орнын ұлғайтуды көздеп отыр.

«БҰЛ ЖОБА ӨҢІРДІҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ»

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді.

– Енді Түркістан облысындағы кәсіпкерлер арнайы салық режимін 2% жеңілдікпен төлей алады. Бастапқыда бөлшек салық тек тамақтану саласында ғана қолданылған болса, қазір 364 қызмет түріне қолданылады. Салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа саны 200 адамнан және жылдық табысы 600 000 АЕК (2 215 200 000) млн. теңгеден аспауы тиіс. Ал бұдан жоғары болған жағдайда қосымша құн салығы төленеді. Жеке кәсіпкер де, серіктестік те бөлшек салықты қолдануға құқылы. Жүйе шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында қолға алынған. Бұл ретте сатып алушы жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін болады, – деді Сәуле Әбдәшімқызы.

Брифингке қатысқан облыстық кәсіпкерлік палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Әзірет Ыдырыстың айтуынша, бұл жоба өңірдің кәсіпкерлік саласының дамуына серпін береді.

– Бүгінгі таңда облысымызда жалпы 200 000-нан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары тіркелген. Қазіргі уақытта облыс бойынша 3 000-ға жуық кәсіпкер қосымша құн салығын төлейді. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін 50%-ға дейін түсіру туралы шешімді жергілікті мәслихат шығарып, ал ұсынысты жергілікті атқарушы органдар береді. Осы ретте тиісті шаралар атқарылып, Палата тарапынан кәсіпкерлерге тиімді салықтық мөлшерлеме ұсынылды. Нәтижесінде өңіріміздегі барлық аудан-қалалар бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режим мөлшерлемесі төмендетілді,– деді Әзірет Ыдырыс.

ІШКІ НАРЫҚТЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысының Ішкі нарықты қорғау мәселелері туралы ахуалдық штабының бірінші отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров төрағалық етті.

Штабтың алғашқы отырысына штаб мүшелерімен қатар «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығының сарапшысы және Қазақстанның Ұлттық Лифтшілер қауымдастығының президенті қатысты.

Жалпы облыстық Ішкі нарықты қорғау мәселелері туралы ахуалдық штаб – ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен құрылған. Штаб құрамына өнімнің өмірлік циклі кезеңдерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың өкілдері кіреді.

Ахуалдық штаб қызметінің мақсаты – ішкі нарықты қорғау, қауіпсіз өнімді Қазақстан Республикасының нарығына әкелу және түрлі мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, тиісті техникалық регламенттер талаптарының және өнімге қойылатын өзге де міндетті талаптардың сақталуын, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қолданыстағы құралдарын қолдана отырып, сапасы төмен тауарларды еркін сатуға жол бермеу.

Айта кетейік, штабтың алғашқы отырысында 7 мәселе қаралды. Олардың қатарында аттракциондар мен балалар алаңдарындағы және тұрғын үйлердегі лифттегі қауіпсіздік мәселелері бар.

БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 224-КЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысында «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітіліп, өткен жылы 6847 тонна балық өндірілген болатын.Биыл 7000 тонна балық өсіру жоспарланып отыр. Бүгінде тиісті жұмыстаратқарылуда. Осы орайда Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен бір топ БАҚ өкілі Кентауқаласына қарасты Қарнақ ауылындағы «Казиханов» шаруа қожалығының жұмысбарысымен танысты.

Мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен 6,8 млн теңге несие алған кәсіпкер, 2023 жылы кәсібін бастаған. Бүгінгі таңда екі бассейнде форель, сазан балығын өсіріп отырған кәсіп иесі жылына 10 тонна балық алуды көздеп отыр. Мұнда 10 азамат жұмыс істейді. Олар балықтың өсуін бақылап, үш мезгіл қажетті тағамдарын беріп отырады.

Жоба құны 80 млнтеңге тұрады. Кәсіпкер өз қаржысы есебінен 73,2 млн теңге салған. Балықорталығындағы бассейіндерден балық арнайы ауланады. Ауланған балықтарды тағаметіп дайындап береді. Бүгінде тек кентаулықтар ғана емес, көрші аудан-қаланың тұрғындары келіп тамашалайтын мекенге айналған. Онда өндірілетін балық өнімдеріауылдағы балық сататын дүкендерге де сатылуда.

– Негізі 2015 жылдан бері балық шаруашылығымен айналысып келемін. Алайда кәсіби түрде бұл істі бастағаныма 1 жыл болды. Осы аралықта 7-8 тонна өнім алдық. Қазіргі уақытта 30 соттық жер алып, балық көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмын, – деді кәсіп иесі Құрбан Казиханов.

Бүгінде кәсібін жаңадан бастаған кәсіпорынның балықтарына сұраныс артқан. Кәсіп иесі бұл межемен тоқтап қалмай, алдағы уақытта балық өнімін көбейтуді жоспарлауда. Сондай-ақ мемлекеттен берілетін қолдауларға қол жеткізсе, кәсібін ары қарай ұлғайтуды көздейді.

Жалпы, Түркістан облысында жергілікті маңызы бар 104 су айдыны тіркеліп, оның 80 су айдыны балық шаруашылығын жүргізу мақсатында пайдалануда.

Түркістан облысы жасанды көлдерде балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Өңірде тауарлы балық өсірумен айналысатындардың саны 224-ке жетті. Облыста 2030 жылға дейін тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.

– Облыста балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Облыс әкімі балық шаруашылығына ерекше мән беру керектігін тапсырған болатын. Мұндағы мақсат – тауарлы балықтың көлемін ұлғайту. Осы бағытта облыс көлемінде жеке кәсіпкерлер тарапынан үйіргелік аумағынан 100 балық шаруашылығы ашылды. Бүгінде балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдаулар да аз емес, – деді Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Абай Сәдірхожа.

Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Мәселен, акваөсіру бойынша биылғы жылға жергілікті бюджеттен 500 млн теңге, инвестициялық салымдарды субсидиялауға республикалық бюджеттен 237,5 миллион теңге бөлінді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 24 кәсіпкер 168,9 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, балық өсіру шаруашылықтарын ашуда. Сондай-ақ биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 232 жоба мақұлданып, 1 млрд. 20 млн. теңге қарастырылып отыр. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстарды қарқынды жүргізіп, балық өнімдерінің экспортын арттыру жоспарлануда.

КӘСІПКЕРЛЕР ҒАНА ЕМЕС, ТҰТЫНУШЫЛАР ҮШІН ДЕ ТИІМДІ

Түркістан облысының кәсіпкерлері бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуді сұрады. Салық режимін жеңілдетуге өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлермен кездесу өтіп, ұсыныс мәслихатқа жолданды.

Облыс аумағындағы қалалық және аудандық деңгейде мәслихат депутаттарының ықпалымен кәсіпкерлердің мәселесі қанағаттандырылды. Енді Түркістан облысындағы кәсіпкерлер арнайы салық режимін 2 пайыз жеңілдікпен төлей алады.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік жасай отырып бюджетке түсімдерді арттыруды тапсырған болатын. Әрине, кез келген өңір кәсіпкерлерінің көтерген мәселесін жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп оңтайлы шешу жолдарын қарастыру басты мақсатымыз. Салықтық жеңілдік жасау кәсіпкерлер үшін өз ісін одан ары дамытуға тиімді, – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

Облыс орталығындағы «Rizo burger» жылдам тамақтану орталығының иесі Дастан Мәмішев 20-дан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның айтуынша, салық мөлшерлемесін төмендету кәсіпкерлер ғана емес, тұтынушылар үшін де тиімді. Соның арқасында тағамдарының бағасын орта бағада ұстап отыруға мүмкіндік бар деген пікірде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *