ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ 11 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

Экономика Қоғам
138 Views


Еліміздің түкпір-түкпірінде өңір басшыларының халықпен кездесулері басталды. Осы ретте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 2024 жылғы 19 сәуірде Шардара ауданы тұрғындарымен кездесті. Өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларға тоқталды. Шардара ауданын дамыту жұмыстары туралы кеңінен айтып берді.

– Президентімізжаңа экономикалық үлгіге өту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын.Оның ең бастылары – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмысорындарын ашу. Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – ел бесігі» жобасыаясында Шардара ауданында 2023 жылы 4 елді мекенде 1,2 млрд. теңгеге 21 жобажүзеге асырылды, биыл 4 елді мекенде 629 млн. теңгеге 5 жоба бойынша жұмыстаржүргізілуде. Бүгін «Тұрар» шаруа қожалығында болып, суды үнемдеу технологиясын енгізіп, тамшылатып суару әдісімен өнім алып отырғандығын көрдік. Бұлтәжірибені басқа да шаруашылықтарға енгізуді ұсынамын. Мемлекет басшысы ортабілім беру мекемелерін сапалы жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтуды тапсырған. Облыста 330 орта білім ұйымын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін АҚШ-тың белгілі инженері Илон Масктің туындысы – «Starlink»спутниктік интернет құрылғысын орнату жұмыстары басталып, бүгінде 317 мектептеорнатылды. Оның ішінде Шардара ауданында 8 мектеп толық іске қосылды. Осы айдаПрезидентіміздің бастамасымен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялықакциясы басталды. Акция аясында елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру жәнетазалық жұмыстарын қолға алынып отыр. Бұл жұмыстар менің күнделіктібақылауымда. Осы кездесуді пайдаланып, Сіздерді ең алдымен өздеріңіз тұратынауланы, көшені таза ұстауға, үйлеріңіздің сыртқы келбетін ретке келтіруге,қоқыстарды ретсіз тастамауға, ағаш егуге шақырамын, – деді Дархан Сатыбалды.

Шардара ауданының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталған облыс әкімі 2023 жылы өсім байқалғанын атап өтті. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2020 жылдан бері 2 есеге өсіп, былтыр 113 млрд. теңгеге жетті. Биыл 3 айда бұл көрсеткіш 13,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға өскен.

Шағын және ортабизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 9 пайызға өсіп, 2023 жылы 11 мыңға жуықтады.

– Сонымен қатар бүгін біз кейбір салалардағы кемшілікті жасырмай ашық айтуымыз керек. Атап айтқанда ауыл шаруашылығының өнім көлемі 2023 жылы 66,8 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі тиісті басқармамен бекітілген жоспардан 8 пайызға кем орындалған. Жеңіл өнеркәсіп өнімі 2022 жылмен салыстырғанда 490 млн. теңгеге төмендеген. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемін де арттыру керек. Осы салаларда жұмыстарды күшейткеніміз жөн, – деген облыс әкімі тұрғындарға сұрақтарын еркін қойып, ұсыныстарын жеткізуді сұрады.

Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың ауданда 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалған соң тұрғындардың сұрақтарына кезек берілді.

Кездесуде шардаралықтар инфрақұрылым, ауыз су, кәсіпкерлікті қолдау, жеңілдетілген несие беру, субсидия беру және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өтініштерін айтты.

Облыс әкімі әрбір өтініш бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүретінін жеткізді. Сонымен бірге аудандағы өзекті мәселелерді қозғап, оларды шешу бойынша аудан әкімі мен басқарма басшыларына тапсырмалар берді. Атап айтсақ, ауыз су мәселесін шешу үшін Облыстық энергетика басқармасы тарапынан республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті құжаттар ұсынылған. Ақшеңгелді және Достық ауылдық округтеріндегі жеке меншікке өтіп кеткен 8 каналды тазалау, сатып алу мәселесі талқыланып, тапсырмалар берілді. Шардара ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 1517 мұқтаж азаматты, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары және аз қамтылған көпбалалы 502 отбасыны үймен қамтамасыз ету мақсатында 2023-2026 жылдары жалпы 570 пәтер сатып алу көзделген. 2023 жылы 960 млн. теңге қаралып, 100 пәтер сатып алынды. 2024 жылы – 120 пәтер, 2025 жылы – 150 пәтер, 2026 жылы 200 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша аудандағы индустриалды аймақты кеңейтіп, инвесторларды тарту, балық шаруашылығы мен туризм саласын дамыту бойынша да нақты міндет жүктелді.

ФАБРИКА 150 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

Түркістан облысында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарқынды. Облыс әкімінің тарапынан өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, облыс аумағында заманауи тұқымбақ ашу тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданына қарасты Ұзыната ауылдық округінде орналасқан тұрақты тұқымбаққа арнайы келіп, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты. 15 гектар тәлімбақта 2 млн 300 түп көшет өндірілуде. Басқармаға қарасты Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемеде ауданға бейімделген қарағаш, қаратал, шаған, үйеңкі, туя, айлант көшеттері өсірілуде. Оларды 10-ға жуық мамандар тұрақты түрде күтіп баптау жұмыстарын жүргізуде.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұқымбақта атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Шардара ауданындағы жасыл аймақты дамыту үшін ең алдымен аудан көшелеріндегі ағаштарға түгендеу жұмыстарын жүргізіп, жасыл белдеуді ұлғайту мен көгалдандыруды күшейтуді тапсырды.

Жауапты мекеме басшысы өңір басшысына көшеттердің жерсінуі және өнімділігі ойдағыдай екенін атап өтті.

Дархан Сатыбалды аталған саладағы жұмыстарды қадағалап, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Тұрақты суғару, күтім жасау қажеттігін айтып, бұл жұмыстар тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.

Содан соң өңір басшысы Дархан Сатыбалды «Шебер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің Шардара ауданы, Алатау батыр ауылдық округіндегі кезекті тігін фабрикасына барды. Кәсіпкер Омар Әсенұлының жеке инвестициясы есебінен 350 млн. теңге тартылған. Аталмыш фабрикада бүгінде 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жергілікті мекемелермен қатар еліміздің көптеген облыстарын аяқкиім, киім-кешек, көрпе-төсек, мектеп киім үлгісі, әскери киім және тапсырысқа сәйкес кез келген киіммен қамтамасыз етіп отырған шеберхана.

Жұмыскерлер 80-200 мың теңге аралығында айлық алады. Негізінен тапсырыс берушілер – ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Мұнай компаниялары.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кәсіпорындардың санын арттыру керектігін айтып, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастардың әлеуметтік жағдайын көтеру қажеттігін тапсырды.

САУРАНДА ЖИҺАЗ ЖӘНЕ ТІГІН ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

Сауран ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Оранғай ауылдық округіндегі жаңа тігін цехының ашылу салтанатына қатысты. Тігін цехы аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен «Игілік» әлеуметтік жобасы арқылы қолға алынған. Бүгінде жобаға көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алушы, мүгедектігі бар аналар қатысып, тігін тігуді үйренуде.

Аталған ғимаратқа аудандағы жеке кәсіпкер «Sem-Brand» жиһаз фабрикасының басшысы Бабыр Абиловтың демеушілігімен 7 дана тігін машинасы алынған. Тігін тігуді үйренген 10 азаматшаны жеке кәсіпкер тарапынан тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда. Аталған жоба алдағы уақытта аудандағы барлық ауылдық округтерде қолға алынбақ.

БАҚ өкілдері кейін Жүйнек ауылдық округінде жаңадан ашылған «Asia Brand» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Бүгінде кәсіпорында 30 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылған. Негізінен тұрмыстық жиһаздарды өндіретін кәсіпорында жатын және қонақ бөлмеге, ас үйге арналған жиһаздар өндіріледі. Сондай-ақ, түрлі шкафтарды жасап шығарады. Өндіріс орнының жылдық қуаттылығы – 10 000 дананы құрайды. Кәсіпорын басшысы Ұйғын Әбішевтің сөзінше, жиһаздарға отандық және түрік материалдары қолданылады. Сондай-ақ, фабрика өнімдері сапа менеджменті сертификатымен расталған. Бүгінде цех қызметкерлері жиһаздың сан түрін жасап шығарып жатыр.

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ КҮН САНАП АРТЫП КЕЛЕДІ

Балық өсіру бойынша елімізде Түркістан облысы көш бастап тұр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өңірде балық шаруашылығын дамыту тапсырмасы аясында Созақ ауданының шаруалары балық шаруашылығымен айналысуды қолға алды. Бүгінде ауданда тауарлы балық шаруашылығымен айналысуға кәсіпкерлердің қызығушылығы күн санап артып келеді. Соның бірі – «Бейбарыс» шаруа қожалығы.

2005 жылы ашылған шаруа қожалығы бұған дейін мал және егін шаруашылығымен айналысып келген. Соның ішінде асыл тұқымды ангус тұқымын өсірген.

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ақжайық Хаметова Жартытөбе ауылдық округі, Аққолтық елді мекеніне арнайы барып, жеке кәсіпкер Қайрат Байниевтің шаруашылығымен танысты. Кәсіпкер 15 гектар аумаққа балық шаруашылығын дамытуды қолға алып отыр.

Ол мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен 8,5 млн теңге несие алып, былтыр көктем айында өз ісін бастаған. Кәсіпкер өзінің жеке тоғанына 15 мың форель шабақтарын жіберіп, өсіруде. Кәсіп иесі алдағы уақытта өз кәсібін кеңейтуді көздеуде.

Кәсіп иесімен кездескен басқарма басшысының орынбасары балық шаруашылығымен айналысу тиімді кәсіптердің бірі екенін айтып, мемлекет тарапынан қолдаулар болатындығын жеткізді.

Ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен субсидия беру және осы салаға инвесторлар тарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Жалпы ауданда «Ауыл аманаты» жобасы аясында балық шаруашылығын дамыту бойынша 7 кәсіпкер 56 млн теңге несие алған. Жалпы биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 232 жоба мақұлданып, 1 млрд. 20 млн. теңге қарастырылып отыр.

Айта кетейік, облыста «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 24 кәсіпкер 168,9 млн теңге жеңілдетілген несие алып, балық өсіру шаруашылықтарын ашқан.

ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА

Жетісай ауданы негізгі табысын ауыл шаруашылығы саласы құрайтын аграрлы аймақ. Ерте көктемнен бастап тыныс-тіршілігі қайнапжататын өңірде шаруалар үшін еткен бейнеті ақталып, қырманның берекелі болуыбірінші орында.

Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Мырза ата» шаруа қожалығы қырыққабаттың алғашқы өнімін көршілес Ресей еліне экспорттауды бастады. Қожалық төрағасы Әбдіжаппар Мырзаев соңғы бірнеше жылдан бері 60 күнде пісіп жетілетін қырыққабаттың макако сортын егіп келеді. Өнімділік те жақсы, бағасы да жоғары. Мейрамханалар мен дәмханаларда сұранысқа ие. Қазірдің өзінде егістік басынан келісі 175 теңгеден сатылуда.

Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбековтың айтуынша, Жетісай ауданында биыл 1200 гектар аумаққа ерте пісетін қырыққабат егіліп, болжам бойынша 36 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Егілген өнімнің басым бөлігі «Зарисма», «Валикор», «Магнус», «Кевин Фарао», «Ринда», «Заказ», «Макако» сорттары. Былтыр аудан диқандары 1,2 мың гектар жерге қырыққабат дақылын егіп, 41 мың тонна өнім өндірген. Негізінен ерте пісетін қырыққабат өнімінің басым бөлігі Ресей, Белоруссия және Еуропа елдеріне экспортталған.

Айта кетейік, биыл ауданда 79,2 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады. Оның ішінде 42 мың гектарға мақта, 19 мың гектар алқапқа бақша, 3,5 мың гектар жерге көкөніс пен 14 мың гектарға мал азық дақылдарын егу жоспарланып отыр.

ТҮЛКІБАС ТҰТ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛАЙЛЫ АЙМАҚ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде тұт кластерін дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Облыс аумағында тұт шаруашылығын дамытып, одан жібек мата өндіру мақсатында Түлкібас ауданы әкімдігінің тікелей қолдауымен климаты тұт шаруашылығына қолайлы аймақ болып саналатын ауданда биыл тұт ағаштарының көшеттерін кемінде 10 гектар жерге егу жоспарлануда.

Бекітілген меженің бүгінгі таңда 5 гектарына көшет егу жұмыстарын Арыс ауылдық округіне қарасты «Нұрлан» шаруа қожалығы бастап кетті. Жапырағын жылына төрт рет жинауға болатын егілген тұттың сорты «Әндіжан Мархамат – 2017» деп аталады.

Көшет егу және оны күтіп баптау жұмыстарының барлық талаптарға сай болуы «Қазақ жібек» бірлестігінің тікелей қадағалауымен іске асуда. Бұдан бөлек биыл Түлкібас ауданында тұт шаруашылығымен айналысуға Ақбиік, Майлыкент және Шақпақ ауылдық округінің агроқұрылымдары қызығушылық танытып отыр.

Соның бірі, Майлыкент ауылдық округіне қарасты «Сапарғали» шаруа қожалығы 7 гектар жер теліміне аталған тұт сортының көшетін осы аптаның ішінде егуді бастағалы тұр. Тұт отырғызып, жібек өндіруге ниет білдірген тұрғындарға «Ауыл аманаты» бағдарламасы (жылдық үстемесі 2,5 пайыздан аспайтын несие) бойынша қаржылай қолдау көрсету тетіктері қарастырылған. Тұт ағашын отырғызған шаруалар алғашқы өнімін алғанша 20 айға дейін демалыс ала алады.

Тұт шаруашылығы бойынша жібек талшығы тұт жапырақтарымен қоректенген жібек құртынан алынады. Ал жібек құртының негізгі азығы – тұт ағашы. Жібек өндірісі – әлемдегі ең табысты кәсіптердің бірі. 1 гектар жерге егілген тұт ағашынан 1,5 млн. теңгеге дейін таза табыс табуға мүмкіндік бар. Ал өнімді Шығыс Еуропаға, Оңтүстік Кореяға және Қытайға сатуға болады. Өйткені мұндай тауарға аталған елдерде сұраныс өте жоғары.

КЕЛЕСТІК ШАРУА ЕКІ КҮН САЙЫН 3 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚИЯР ЖИНАУДА

Түркістан облысының Келес ауданындағы шаруалар қиярдан алғашқы өнімді алып жатыр. Қошқарата ауыл округі Бесқұбыр елді мекенінің тұрғыны Мұхамед Қалыбаев 2012 жылдан бері жылыжайда көкөніс егумен айналысады. Шаруа көбіне қызанақ пен қияр егеді. Бүгінде қожалық иелігінде 66 соттық жылыжай бар.

Ақпан айында мұнда 21 мың қияр көшетін отырғызған. Араға 1 ай салып, қияр алғашқы өнімдерін бере бастады. Жылыжайда екі күн сайын 3 тоннаға жуық қияр жиналады. Шаруа дайын өнімдерді Алматы, Астана, Шымкент қалаларына жөнелтеді. Қазіргі таңда қиярдың егістік басындағы құны 1 келіге – 500-600 теңгеден бағаланып отыр. Мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айлықтары 150-160 мың теңгенің арасында.

Айта кетейік, Келес ауданында жалпы 88 гектарды құрайтын жылыжай кешені жұмыс істейді. Ондағы шаруалардың басым бөлігі көкөністің қияр, қызанақ түрлерін жетілдірсе, біршама шарулар құлпынай өсіріп, көшет жетілдіруді жолға қойған. Келес ауданында жалпы 26 мың гектар суармалы егіс алқаптары орналасқан болса, жергілікті шарулар озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 өнім алу жобасын кеңінен қолдануда.

“АУЫЛ АМАНАТЫ” ЖОБАСЫ ТӨРТ АУЫЛДА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

“Ауыл аманаты” жобасының ІІІ кезеңін Ордабасы ауданындағы Қажымұқан, Шұбарсу, Төрткүл және Бөген ауылдық округтерінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жоба аталған ауылдық округтерде ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін құру арқылы жүзеге асырылмақ. Яғни, көкөніс, құс, балық, мал шаруашылықтарын дамыту көзделіп отыр.

Жобаға 410 адам қатысып, 422 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Мысалы, Бөген ауылдық округінде 200 бас түйені құрайтын АӨК құрып, оған 90-нан астам мүше енгізілмек. Мұнда түйе сүтін өткізу, жинау, өңдеу жұмыстары қолға алынатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *