АБЫРОЙЫ ЖЫЛ САЙЫН АСҚАҚТАҒАН

Білім
77 Views

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жоғары жетістіктері туралы

ЕҰУ Басқарма төрағасы – Ректоры Ерлан Сыдықовтың дәстүрлі жыл сайынғы есебі барысында студенттер, олардың ата-аналары, ғалымдар, оқытушылар мен университет ұжымы алдында университеттің өткен оқу жылындағы басты жетістіктері туралы жұртшылық алдында баяндады. Баяндама онлайн режимінде де көрсетілді. ЕҰУ ректоры университеттің ғылыми-зерттеу, академиялық, әлеуметтік және экономикалық қызмет саласындағы негізгі стратегиялық бағыттарына тоқталды.

Ерлан Бәтташұлының айтуынша, университет еліміздегі ғылым мен жоғары білімді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Стратегия мен даму жоспарын жаңартқан. Сондай-ақ академик биылғы жылы университеттің QS рейтингінде позициясын 34 позицияға жақсартып, әлем бойынша 321-орынға ие болғанын айтты. Сонымен қатар, Орталық Азияда алғаш рет QS пәндік рейтингінде «Қонақжайлылық және демалысты басқару» білім беру бағдарламасы әлемдегі ТОП 50 бағдарламаның қатарына енді. Сонымен қатар, ЕҰУ-дің 5 бағдарламасы әлемдегі ең үздік 100 білім беру бағдарламасының қатарынан орын алды.
«Университеттің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болу. Соңғы уақытта ғылыми зерттеулердің саны мен ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың жалпы көлемі артты. Атап айтқанда, кадрлық және ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігі арттырылуда.».
Бүгінгі таңда, 10 халықаралық ғылыми жоба жүзеге асырылуда.
Университетте ғылыми жобаларға қатысатын оқытушылар саны 1,4 есе өсіп, 752-ге жетті. Зерттеушілердің жартысына жуығы – жас ғалымдар» —
деп ректор атап өтті.
Ерлан Сыдықов университетте халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша 171 түлек жұмыс істеп жатқанын хабарлады. 2023 жылы «500 ғалым» бағдарламасы бойынша 40 қызметкер грант алды. Университет шетелден үздік ғалымдарды жұмысқа шақырады. 2023 жылы ғылыми-педагогикалық қызметке 800-ден астам шетелдік профессорлар тартылды.
Есеп барысында университет ғылыми инфрақұрылымды жаңғыртып жатқанын да атап өтті. Мәселен, 2023 жылы ғылым мен коммерцияландыру инфрақұрылымын нығайтуға, зертханаларды жабдықтауға университет жалпы бюджеттің 7% жұмсады. Өткен жылы ЕҰУ (ЕҰУ-град) жаңа кампусында заманауи ғылыми-техникалық инфрақұрылым мен аккредиттелген зертханалар желісін құруға бағытталған инвестициялық бағдарлама әзірленді. Бүгінгі таңда қала құрылысының жол картасы аясында жер телімі бөлініп, тұжырымдамалық жоба әзірленді.
Ерлан Сыдықов ЖОО ғалымдарының жарияланымдық белсенділігін дамытуға ерекше назар аударды:
«Scopus деректер базасында ғалымдардың бір мақалаға сілтеме жасаудың орташа көрсеткіші 4,7-ге жетті (өткен жылы ол 4,1 болған). Scopus деректер базасындағы Хирш индексі бойынша Қазақстанның 100 үздік ғалымдарының тізімін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ академигі, профессор Рәтбай Мырзақұлов. Халықаралық Web of Science деректер базасына енген он жеті отандық журналдың үшеуі ЕҰУ-де жарық көреді», — деп қосты спикер.
Сондай-ақ, коммерцияландыру саясаты мен коммерцияландыру регламенті бекітілгені хабарланды.

«2023 жылы қорғау құжаттардың саны 125-тен 178-ге дейін артты. Олардың 154-і авторлық куәлік болса 24-і патенттер. Инновациялық өнім шығаратын шағын өндірістер саны 7-ге жетті. «Бүгінде Дүниежүзілік Банктің және Ғылым қорының коммерцияландыру бағдарламалары бойынша жалпы сомасы 765,6 млн. теңгеге 3 гранттық жоба іске асырылуда.
2023 жылы 8 жаңа стартап жоба іске қосылды. Бизнес-инкубатор базасында 6 студенттік стартап акселерациядан өтті. Республиканың жол-құрылыс саласын дамытуға бағытталған «Құрылыс-техникалық инжинирингтік орталық құру» мегажобасы орындалуда. Жобаның сомасы 4 млрд. теңге» —
деп атап өтті ЕҰУ ректоры.
Іс-шара барысында 2023 жылы коммерцияландыру әлеуеті бар ғылыми жобаларды қолдау мақсатында 71,6 млн теңге көлемінде «JANA ASU» ішкі гранты тағайындалғаны айтылды. Нәтижесінде 16 ғалымға зерттеу жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік берілді.
Сондай-ақ Ерлан Сыдықов ғылымды коммерцияландыру мақсатында биыл алғаш рет «ENU INVEST MEETUP» инвестициялық форумы өткеніне де тоқталды. Онда ЕҰУ ғалымдарының ғылыми инновациялық әзірлемелері ұсынылды. Форум аясында «ERG», «Orda Invest», «KazEnergy» компанияларымен ынтымақтастық жоспарлануда.
Білім беру үдерісінің тақырыбына тоқталған Ерлан Сыдықов есепті кезеңде студенттер 38 инновациялық және 52 қос дипломдық бағдарлама бойынша білім алғанын айтты. Жаңа мамандықтар атласы негізінде 11 бағдарлама дайындалып, жүзеге асырылуда. Олардың ішінде криптология, жасанды интеллект технологиясы, цифрлық құрылысты жобалау, жоғары технологиялық өндірісті киберфизикалық автоматтандыру және т.б.
«Ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары мен студенттердің саны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күні оқушылар саны 3018-ге, ұстаздар саны 480-ге жетті. Соңғы 2 жылда біз дарынды жастарды іріктеу мақсатында білім беру бағдарламаларының шекті ұпайларын айтарлықтай арттырдық. Нәтижесінде бакалавриат студенттерінің орташа балы 95-тен 106-ға өсті. 100-ден жоғары балл жинаған студенттер саны 2023 жылмен салыстырғанда 83%-ға өсті. Олар грантқа түскендердің жалпы санының 75 пайызын құрайды», — деді ректор.
Ерлан Сыдықовтың айтуынша, 2023 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингіне қатысқан 51 бағдарламаның 59 пайызы жүлделі орындарға ие болған. Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің рейтингіне қатысқан 199 бағдарламаның 94 пайызы үздік деп танылды.
Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Ректор атап өткендей, 2023 жылы М. Осими атындағы Тәжікстан техникалық университетінде бірлескен ақпараттық технологиялар факультетін ашты. 2024 жылы Наньин педагогикалық университетімен қытайлық студенттерді ЕҰУ білім беру бағдарламалары бойынша (биология, химия, қолданбалы химия) оқыту туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ ЕҰУ базасында Лу Бань шеберханасын ашу туралы келісім жасалды.
Университеттің жоспарларына тоқталған Ерлан Сыдықов инвесторлардың қолдауымен 2656 орындық студенттер жатақханасы кешенін (Қ.Әзірбаев пен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысы) пайдалануға беру және жаңа студенттер жатақханасының құрылысын бастау жоспарланып отырғанын айтты. Сондай-ақ студенттерге арналған медициналық орталықтың құрылысын бастау жоспарлануда.
Сөз соңында ректор студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, шара аясында ректор білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін университеттің профессорлық-оқытушылық және әкімшілік ұжымының өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

М. БАЛҚЫБЕКҰЛЫ.
Астана қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *