ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШОТ-ФАКТУРАҒА ТІРКЕЛУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Заң Құқық
1 133 Views

Құрметті Түркістан облысының қосылған құн салығын төлеуші тұлғалары, өздеріңізге мәлім болғандай, Қазақстан Республикасында Электрондық шот-фактура жүйесін қолдану тегін жүзеге асырылады. Шот-фактураны электрондық түрде жазу үшін міндетті түрде электрондық шот-фактура жүйесіне тіркелу қажет. Электрондық шот-фактураны жазу ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті оператор болып табылатын электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жүзеге асырылады.

Салық төлеушілерге Электрондық шот-фактураны жазу келесідей артықшылықтарды береді:

— Қағаз тасығышта шот-фактуралардың жазып беру мерзімі 7 күн болса, ЭШФ жазып беру мерзімі 15 күнге ұлғайтылған.

— ЭШФ-ны шетел валютасында жазып беру мүмкіндігі.

— Өз қызметкерлеріне шот-фактураларды жазу бойынша құқықтарды табыстау мүмкіндігі.

— Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жазып берген ЭШФ-ны басқару мүмкіндігі.

— Барлық шот-фактураларды электрондық түрде жазып берген жағдайда іске асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.07 және 300.08).

— Мөр дайындауға қағазды үнемдеу және қаражатты үнемдеу.

— Алушыға ЭШФ-ны орналасқан орнына қарамастан жедел жеткізу, сондай-ақ сатып алушы мен өнім беруші арасында ЭШФ АЖ-да хабарларымен жедел алмасу мүмкіндігі.

— Қателерді болдырмау мүмкіндігі, өйткені ЭШФ АЖ форматтық – логикалық бақылауға тексеру жүргізеді.

— Жеке алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қосымша ресімдеуді болдырмау (тауарлық – көліктік жүкқұжат, төлемге арналған шоттар, сондай-ақ ЭШФ-да шарттың жеке деректемелерін көрсету мүмкіндігі).

— Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда ЭШФ АЖ-ден «Қазынашылық-клиент» АЖ-ге төлеуге арналған шотты автоматты қалыптастыру, бұл төлемге электрондық қаржы құжаттар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Н.РАЙЫМҚҰЛОВ,

Түркістан облысы бойынша МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *