«АУЫРҚЫЛМЫСТЫҢ САНЫ АРТЫП, АЛАЯҚТЫҚ ӨРШІП ТҰР»

Қоғам Құқық
778 Views

Ербол ЖАНҒАЗИН, Шымкент қалалық соты Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: «АУЫР ҚЫЛМЫСТЫҢ САНЫ АРТЫП, АЛАЯҚТЫҚ ӨРШІП ТҰР»

Шымкент қалалық сотының “Ақпарат орталығында” БАҚ өкілдеріне арналған Шымкент қаласы сотының 2019 жылы атқарған жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Шымкент қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Әмірғалиұлы Жанғазин, қалалық соттың Азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Мұхтар Абайұлы Парменов және Шымкент қаласы бойынша соттар әкімшісінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенби қатысты.

Еліміздің белесі артып, заң күнде өзгеріп отырғанда Шымкент қалалық сотының ашылғанына көп болмаса да, жеткен жетістіктері аз емес. Олардың ұстанатын негізгі бағытының бірі – сот беделін арттырып, халық сеніміне ие болу. Сол себепті баспасөз маслихатында әділдік жаршылары сот істерінің сапалы қаралуының және халыққа әділдікті қамтамасыз етуді басты мақсатқа алып отырғанын тілге тиек етті.

Ербол Әмірғалиұлы – қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

– Былтырға түскен істер саны 15,7 пайызға аз түсті. 2018 жылы барлығы 2344 іс түссе 2019 жылы 1976 қылмыстық іс қаралды. Дегенмен бізде криминологиялық ахуал жақсы деп айтуға келмейді. Оның себебі 100-ге тарта ауыр қылмыстың түскені бар. Өткен жылға қарағанда қылмыстық істер саны аз болғанымен оның ішінде санаты бойынша ауыр қылмыстар айтарлықтай көп. 2019 жылы 1348 адам сотталды. 2018 жылы 1254 болатын. Бұл – сотталғандардың саны биыл былтырғымен салыстырғанда 7,5 пайызға өсіп отыр деген сөз. Ауыр қылмыстар мен санаты аса ауыр қылмыстар көбейді. 2018 жылы 380 адам бас бостандығынан айырылу шешіміне кесілсе 2019 жылы 404 адам бас бостандығынан айырылды. Нақтырақ тоқталсақ, санаты ауыр емес қылмыстар бойынша 131 адам сотталып, оның 12-сі бас бостандығынан айыруға кесілді. Жеңіл қылмыстарға да ауыр жаза беріп отырған себебіміз, олар бұрында бірнеше рет қылмыс жасап тіркелген азаматтар болатын. Ауырлығы орташа қылмыстар бойынша 245 адам сотталған оның 45-і бас бостандығынан айырылды. Біздің қалада әсіресе алаяқтық бойынша жағдай өршіп тұр. Ауыр қылмыстар бойынша 690 істе азаматтар сотталып, оның 300-і бас бостандығынан айыруға кесілген. Аса ауыр қылмыс бойынша 20 адам сотталды», — деп есеп берді.

«2019 жылы 26946 іс аяқталды. Бұл – 2018 қарағанда 1891 іске азайды деген сөз. Нақты шешім шығарумен 16652 іс қаралып өткен жылмен салыстырғанда 831 іске аз көрсеткіш берді. Апелляциялық тәртіппен 190 шешімнің күші жойылып, 193 іс шешімі өзгертілген. Бұл істердің арасында өрескел заң бұзушылықтар жоқ. Қазір көпшілік дау несие алушылар мен банктердің арасында орын алып тұр. Біз өз кезегімізде осы мәселені шешу үшін жұмыс атқарып жатырмыз»,— деп мәлімдеді Азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Мұхтар Абайұлы.

Еске салайық, Президенттің тапсырмасы бойынша дауларды балама шешу сотта кеңінен қолданыс алып келеді. «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы негізінде бірнеше қанатқақты жобалар жүзеге асып, оң нәтижесін беруде. Осы орайда, Азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы бітімгершілікпен аяқталған істер саны былтыр 1779 істі құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 67 пайызға өскенін де айтып өтті.

Іс-шара соңында төрағалар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, тарасты.

«Әділет — ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *