АВТОЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚҰЮ СТАНСАЛАРЫН МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ПИЛОТТЫҚ ҚОСЫЛУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Заң Құқық
1 076 Views

Ағымдағы жылдың қазан айында автожанар-жағармай құю стансаларын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу жүйесіне (СУНП) пилоттық қосылу Төлеби ауданының Леңгір қаласындағы «TS Оңтүстік мұнай сауда» ЖШС-нің автожанармай құю стансасында жүзеге асырылды. Аталған іс-шараға Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының мамандары мен аудандық басқарманың жауапты мамандары, мұнай өнімдері айналымы саласындағы салық төлеушілер және облыстың жанармай құю бекеттерінің, «Атамекен» ҰКП жергілікті филиалының, облыстың «Ынтымақ» ЖЖМ тәуелсіз өткізушілер қауымдастығы» мен «Жанар-жағармай» қауымдастығының өкілдері, сонымен қатар «NIT» акционерлік қоғамының өкілі қатысты.

Автожанар-жағармай құю стансаларын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу жүйесіне енгізілуі кәсіпкерлікке қолдау жасап, акцизделетін тауарлар саласында бизнестің айқындығын арттырып, мемлекеттік органмен жеке кәсіпкерліктің ара-қатынасын азайту мақсатында жүргізіліп отыр. Өтпелі жиналыс барысында автожанар-жағармай құю стансаларындағы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу жүйесін қосылуы сәтті өткізіліп, мұнай өнімдері айналымы саласындағы салық төлеушілер және облыстың автожанар-жағармай құю стансаларының өкілдеріне осындай жүйеге қосылу қажеттілігі назарларына жеткізілді.

М. ЕГІЗБАЕВ,

Түркістан облысы бойынша МКД акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *