РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Жастар Тәрбие
18 Views

Адамның бай рухани әлемі ғылыми көзқарасты, экологиялық қауіпсіздікті, әлеуметтік әділеттілікті және моральдық идеяларды біріктіреді.

Бүгінгі таңда ұрпақты тәрбиелеуде педагогтарға, жалпықоғамға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Өмірдің әр саласының даму қарқынымен, сауатты, салауатты, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде рухани құндылықтардың маңызы зор. Батыр Бауыржан Момышұлы атамыздың: «Рухани жағынан азғындаған адам ғана Отанына опасыздық жасайды», – деп айтқанырухани байлықтың мәнін айқындап тұрғандай.

Мәңгілік адамгершілік-рухани құндылықтарға негізделгенкемел мінезді, Абай атамыздың сөзімен айтсақ, «толық адам тәрбиелеу» – қазіргі қоғамның басты қажеттілігі. Адамгершілік тәрбиесі – білім ошақтарының күн тәртібінентүскен емес. Солай десек те отбасынан бастау алатын тәрбиеге тек ұстаздар ғана емес, ата-ана, қоғам да кірісуі керек. Бүгінгі ұрпақтың тәрбиесі – ертеңгікүннің кепілі. «Не ексең, соны орасың» дегендей, бұл немқұрайлықты көтермейтінүлкен жауапкершілік.

Абай атамыздың: «Естілердің айтқан сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады», – демекші, айтушы ақылды болса, тыңдаушы данаболады дегенге келіп тұр.

Менің пікірімше бала тәрбиесіне мән берудің бастауы – педагог мамандарды өте ыждағаттылықпен дайындау қажет сияқты. Бұл мамандықты таңдап келген шәкірт – өз бойына білімімен қоса-қабат адамды сүю, рухани құндылықтарды бағалау, тіпті жүріс-тұрысын тәрбиелеу керек деп ойлаймын.

Балаларға рухани құндылықтарды сіңіру үшін ашықсабақтарды, мерекелерді ғана пайдаланбай, күнделікті сабақтың тынысы ретінде бағыттау керек. Олай дейтініміз – қоғамдағы көп келеңсіздіктер, жастардың өзіне-өзі есеп бермеуі, кей жағдайда ұстаздарды, ата-аналарын сыйламауы – соның белгісі.

Өмір қайшылықтарға, қақтығыстарға толы. Рух – үйлесімділікке негізделуі керек бірлік. Үйлесімділік бар жерде рух күтпеген мүмкіндіктерге жол ашады, физикалық жазықтықтан тыс сананың кеңею процесі жүреді және адам өзініңшындығын басқа жолмен ашу қабілеттілігіне ие болып, жоғары білім алуғажетелейді. Үйлесімділік адамдарға айналасындағылардың бәріне амандық, жақсылық тілеуге мүмкіндік береді.

Қайырымдылық – рухани дүниесі бай адамға тән дүние. Қайырымдылық – аз нәрсемен көмектесіп, үлкен жүрекпен табыс ету. Оның сыртында рухани кемелденген жандар әркімге өз ақыл-кеңесімен, білгенімен бөлісу арқылы үлкен ісбітіріп жатады. Қайырымдылық ұлттық болмысымызда бар кеңдікпен өлшенеді.

Сенім, үміт – адамдарды сан тығырықтан шығарып, болашаққа жол бастаушы дүние. Рухани құндылықтар адам үшін маңызды болып табылатын, адамның моральдық, дін, адамгершілік және этикалық сенімдерінің жиынтығы.

Міне, осы құндылықтарды бала бойына күнделікті дарытып отыру керек. Біз көзбен түзеп, сөзбен тәрбиелеп қазақ деген ұлттың ұрпағымыз.

Адам бар жерде құндылықтар да қатар жүреді. Ол адамға ғана емес, қоршаған ортаға да тікелей байланысты. Ол материалдық, рухани, мәңгілік құндылықтар.

Ал, психология тұрғысынан айтсақ, құндылық дегеніміз – өзін қоршаған ортада жеке тұлғаның бағалайтын заттары не құбылысы. Ол ынталандыру ұғымымен тығыз байланысты.

Рухани тәрбиенің негізі – біз үшін ұлттық құндылықтарға негізделуі керек. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту – бүгінгі заман талабы. Ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзараұштастыра отырып, дамыту – рухани құндылықтарға әкеледі. Қай заманда болмасын,сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғары мақсатына бағытталған. Адам бойына жинайтын ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, сенімділік қасиеттерін тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады. Ата-ананың баласына беретін ең үлкен байлығы – тәрбие екенін ұмытпауымыз қажет.

«Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын», –

деген Абай атамыздың сөзі барына масаттанып, құндылықтарға ден қоймайтын жандарға арналады. Ал, «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп», – ұлы ақын рухани кемелділікке шақырғандай болып көрінеді.

Динара ЕГЕМБЕРДИЕВА,

Шымкент аграрлық-техникалық колледжі оқу бөлімінің меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *