А.С.Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасында қаладағы жазушылар ұйымының қорытынды жиыны өтті. Оны Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласындағы өкілі, «Қазақстанның Құрметті жазушысы», Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Момбек Әбдәкімұлы қысқаша сөз сөйлеп, ашты. Жазушы, филология ғылымының кандидаты, «Мәдениет саласының үздігі» Зылиха Тұрарқызы Жантасова «Кітап көбейген, жүлде жауған жыл болды», жазушы, драматург, Қазақстанның Құрметті журналисі, Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Захардин Қыстаубаев «Қаламгер және театр» тақырыптарында баяндама жасады. Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ханбибі Есенқарақызы сөз сөйледі. Момбек Әбдәкімұлы аталмыш өкілдіктің 2025 жылғы жұмыс жоспарымен қысқаша таныстырып шықты. Олардың қатарында Абай атындағы саябақта шымкенттік қаламгерлердің аллеясын ашу, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелеріне қаржылай көмек көрсету, кітап шығару ісін жетілдіру, туындыларды талқылау мен талдау, сан түрлі мерейтойлар мен кездесулер, кітаптардың тұсаукесер рәсімін өткізу, тағы басқа да ізгілікті де игілікті шаралар бар. Жиынға арнайы келіп қатысқан Шымкент қаласы әкімінің идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек сөз сөйлеп, әдебиет, мәдениет, өнер саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайлы ойларын ортаға салды.
ШЫМКЕНТТІК ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ БАСҚОСУЫ
18 Views