МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА ТЕГІН БЕРІЛУІ ТИІС

Денсаулық Құқық
1 279 Views

Шымкент қаласының прокуратурасы (прокурор – Мақсат Қожабаев) медициналық ұйымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына талдау жүргізді. Талдау көрсеткендей, наркологиялық (350 теңге), психоневрологиялық (350 теңге) және туберкулезге қарсы (220 теңге) ұйымдары медициналық анықтамаларды заңсыз ақылы негізде берген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес аталған анықтамалар ағымдағы жылдың 2 қазанынан бастап тегін негізде берілуі қажет болатын. Жоғарыда аталған медициналық ұйымдармен 8 күн ішінде заңсыз 5,4 млн. теңгеден астам қаржы алынған (туберкулезге қарсы диспансері – 89 320 теңгеге 406 анықтама, психоневрологиялық диспансер – 2 816 800 теңгеге 8048 анықтама, наркологиялық диспансер – 2 575 650 теңгеге 7359 анықтама).

Прокурорлық ықпал ету актілері негізінде аталған анықтамаларды ақылы негізде беру тәжірибесі тоқтатылды. Сондықтан, қала тұрғындары көрсетілген ақылы мемлекеттік қызметтің қаражатын жоғарыда көрсетілген мекемелерден қайтарып алуға құқылы екенін хабарлаймыз.

Шымкент қаласының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *