САЯСАТ НҰРБЕК ХДУ МЕРЕЙТОЙЫНА ҚАТЫСТЫ

Білім Мерей
15 Views

Шырайлы қаламыздың төрінде орын тепкен Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 25 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырза арнайы қатысқан жиынға елімізге белгілі ғалымдар, профессорлар, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов қатысты.
Ширек ғасыр бойы білім мен ғылымның дамуына зор үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орны – бүгінде кәсіби мамандарды даярлауда көшбасшылардың бірі. Іргелі оқу орны тек сапалы білім берумен ғана емес, студенттерінің жан-жақты дамуына жағдай жасауымен ерекшеленіп келеді. Мерейтой аясында университеттің “Достық” спорт кешенінің лентасы қиылып, пайдалануға берілді. Мұнда шәкірттердің бірнеше спорт түрімен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған.
Қоғам игілігіне қажетті мамандарды дайындауда, соның ішінде педагогикалық кадрларды даярлауда алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан білім ордасымен киелі шаңырақ Әлихан Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған. Университеттің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері бір-бірімен тәжірибе алмасып, білім беру саласында бірлесіп, ілкімді жобаларды ілгерілетіп келеді. Осынау салтанатты жиында кәсіби жоғары байланыс жасап, ғылым мен жоғары білім беруді дамытуға қосқан ерен еңбектері мен Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіндегі оқу-тәрбие үдерісіне белсенді атсалысқан еңбектері бағаланып, мекеме басшысы ретінде Радагүл Ибраева университеттің 25 жылдық мерекелік төсбелгісімен марапатталғанын айрықша мақтаныш сезімімен жеткізгіміз келеді.
Мерейтой аясында университеттің тағы бір оқу ғимаратының іргетасы құйылып, жоба негізінде жаңа мамандықтардың пайда болатыны айтылды. Халықтар достығы университеті шет елдегі бірқатар жоғары оқу орындарымен екі жақты ынтымақтастық меморандумын түзген. Ұстаздар мен болашақ мамандар сол жақта академиялық ұтқырлықтарын шыңдап, білімін жетілдіріп, тәжірибе жинақтауда. Нәтижесінде, өңірдегі өндіріс ошақтарының маман тапшылығына байланысты мәселесі оң шешімін тауып отыр. Ғылым мен білім саласында алдыңғы қатарда көш бастап келе жатқан университеттің болашағы баянды, келешегі кемел болуына тілектеспіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *