БЕДЕЛДІ БАСЫЛЫММЕН БОЛҒАН БАЙЛАНЫС

Мерей Қоғам
20 Views


1925 жылғы 1 мамырда «Смычка» деген атаумен жарық көрген басылымға биыл 100жыл толып отыр. Күншуақты Оңтүстік өңірінің жарқын жылнамасына айналған бұл газеттіңатауы заман ағымына орай «Правда в степи», «Правда Южного Казахстана» депөзгерген. 1964 жылдан бері қазіргі «Южный Казахстан» деген атаумен ойлы оқырман қауыммен қауышып келеді. Бұл басылымда Юрий Васильевич Кунгурцев, НиколайКоломыцев, Степан Катвицов, Федор Чирва, С.Фролов, Олег Быстров, ОлегПостников, Юрий Ряженцев, Василий Тимофеевич Филонов, Мажит Шагиевич Бараисов,Василий Михайлович Тришев, Юрий Георгиевич Кирюхин, Жанна Алексеевна Тарасенко,Наталья Борисовна Коса, Нина Олегевна Козорина, Инна Горская, Луиза Гаджиева, Нина Ишутина, Любовь Ивановна Хмурова, Людмила Алексеевна Левенчук, Л.Ковалева,Любовь Доброта, тағы бсқалар қызмет істеген.

Соңғы 16 жылдан бері Марина Анатольевна Лимаренко «Облыстық «ЮжныйКазахстан» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулісеріктестігінің директоры – Бас редакторы қызметін атқарып келеді. Басылымда«Саясат», «Экономика», «Қоғам», «Мәдениет», «Спорт», «Шымкент», «Өңірлер», «Халықтарих тоғысында», «Кезекші репортер», «Южный Казахстан» газетінің аккциялары» депаталатын бөлімдер жұмыс істейді. Татьяна Трофимовна Корецкая, Игорь Юрьевич Лунин,Ирина Николаевна Притула, Берік Монтаев, Татьяна Владимировна Бурдель, Салтанат Нұрдәулетқызы Әбдіжаппарова, Владимир Юрьевич Привалов, тағы басқа журналистер –күллі оқырман қауымның сүйікті авторлары.

Газет ұжымы жыл сайын «Масленица» халықтық мерекесін ұйымшылдықпен өткізіп жүр. Жас орындаушылардың Халықаралық «Казахская романсиада», «Детская романсиада» секілді бірегей жобаларын, Халықаралық «Играй, гармонь» фестивалін, желаяқтар марафонын ұйымдастыруда. Мектеп оқушылары арасында тақырыптық шығармалар байқауыын, «Новое поколение» деп аталатын олимпиадасын өткізіп келеді.

Енді осы беделді басылыммен болған байланысым жайлы баяндап өтейін. Өткенғасырдың сексенінші жылдары соңында Келес ауданы тарап, Сарыағашқа қосылғанкезде аудандық қостілді «Қызыл ту», «Красное знамя» газеттерінде жауапты хатшыболып қызмет істедім. Ондағы қазақ, орыс, өзбек ұлтының өкілдерімен тонның ішкі бауындай етене араластық. Әсіресе, Ресейдегі Сібір өңірінің тумасы, әріптесдосым Александр Бабкин мен оның жан жары Руфина Мажитовна Бараисоваментату-тәтті тіл табысатын тұғынмын. Ерлі-зайыпты журналистер менің айрықшакәсіби іскерлік қарым-қабілетім мен тәржімандық тәжірибемді өте жақсы білетін.Сол тұста Кеңес Отарұлы Балықбаев басшылық жасайтын Сарыағаш аудандық газеті Балтықбойы елдерінің басты-басты басылымдарын жаздыртып алатын. Солардыңбірінен демократия жайлы мақаланы тауып алып, қызығушылығым оянып, оны қазақтіліне аударып, қос газетте де жариялап жібергенмін. Осылайша бұл оқиға Оңтүстіктегібарлық аудандық, қалалық газеттер басылып шығатын Шымкентті ғана емес, бүкіл облысты шулатқаны бар. Мұны ойлы оқырман қауым мұны әлі ұмыта қоймаса керек.

Сарыағаш ауданынан бөлініп, қайтадан өз алдына отау тіккен Келес аудандық «Келес таңы» газетінде жауапты хатшы болып қызмет істеп жүрген кезім. Облыстық«Южный Казахстан» газетінде қызмет істейтін қоға сақалды әріптес досымАлександр Бабкин ауданымызға келген шығармашылық іссапарының бірінде мені осыбеделді басылымның Келес ауданындағы меншікті тілшісі қызметіне арнайы шақырғанболатын. Сөйтіп, орыс тілінде жарық көретін облыстық газетте сан түрлі тақырыптағымақалаларым жарық көре бастады. Шымкентке талай рет барып, редакцияда өтетінлездемелерге қатысатынбыз. Біраз әріптестерімізбен етене араласа бастадық.Бұған сол кезеңде осы газетте қызмет істейтін Нина Олеговна Казорина, облысәкімінің баспасөз хатшысы Иса Омарұлы Тасқұлов, фототілші Абдуали (Алик) Розметов,келестік педагог, журналист Серік Алданов секілді әріптестерім куә.

Міне, бүгін ғасыр тойын тойлап отырған Түркістан облыстық «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің ұжымын осы айтулы датамен шын жүректен құттықтаймын! Әріптестерімнің бәріне толағай шығармашылық табыс тілеймін!

Әбдісаттар ӘЛІП,

журналист, ақын, аудармашы, Қазақстан Журналистер және Халықаралық Жазушылар одақтарының мүшесі.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *