Құрметті Әбдіжаппар Құрбанәлі ТҰРАШБЕКОВ мырза! Сізді бүгінгі туылған күніңізбен, яғни 75 жасқа толған мерейлі мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің ғылым-білімжолындағы елеулі еңбектеріңіз бен жастарға берген тәлім-тәрбиеңіз еліміздіңболашағы үшін ерекше еңбек екенін мойындаймыз және Сізді мақтан тұтамыз. Ұстаздық жолыңыздағы күш-қайратыңыз ешқашан жоғалмасын. Жастардың қанат жайып,көкке қарай самғауына, қанаттарының қатаюына қосып жүрген ұстаздық үлесіңізүшін Сізге көп алғыс айтамыз. Сондай-ақ, Алладан Сізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық сұраймыз.
Алдағы еңбектеріңізге табыстар мен жоғары нәтижелер, сәттіліктер мен жетістіктер серік бола берсін демекпіз. Тек биік шыңдардан көрініп жүре беріңіз. Мерейлі жетпіс бес жасыңыз құтты болсын!
Жыр-шашу
Ұлағатты ұстаз Әбдіжаппар Құрбанәлі ТҰРАШБЕКОВТЫҢ
75 жасқа толған мерейтойына арналады
Басып өтіп өмірдің белестерін,
Дәлелдеп жүр еңбекпен күрескенін.
Білім жолы – қиын жол болса-дағы
Қосып келеді ғылымға үлестерін.
Ғалым аға, ғылым жолын таңдаған,
Ақ пейілді, жүзі жарқын арлы адам.
Ұстаздықтың қиындығын білсе де
Бар ғұмырын шәкірттерге арнаған.
Асыл аға, ғалым аға, ұлы аға,
Деп айтсақ та жарасады «ғұлама».
Тәрбиенің бал-шырынын татқызған
Өсер ұрпақ, өскелең жас балаға.
Өмір жолы ғылымменен сабақтас,
Жүрегіне жат қасиет – бақталас.
Ғалым аға құтты болсын бүгінгі
Жетпіс бесті арқалаған жаңа жас.
Ұрпақ үшін ұлы еңбек еткен жан,
Шәкіртіне мейірім нұрын төккен жан.
Әділдіктің қолдан бермей тізгінін,
Белестердің белін басып өткен жан.
Ізденуде ғылым менен білімді,
Жеңе білген жалтармастан қиынды.
Я, Раббым Әбекеңдей құлыңнан
Аямашы төгер болсаң нұрыңды.
Тәрбиенің туын ұстап құлатпай,
Ұрпағына жол көрсеткен шырақтай.
Жас ұрпаққа таусылмайтын білімі
Таудан аққан түбі терең бұлақтай.
Ғалым ағам, дана ағам, дара ағам,
Сіздей болсын, болам десе әр адам.
Сіздей жанға шын жүректен шынайы
Ұзақ ғұмыр тілейміз біз Алладан.
Өз басынан елін артық ойлаған,
Тірі жанға жамандығы болмаған.
Ғұмырыңыз ғасырларға ұлассын,
Жетпіс беске басып тұрсыз құт қадам.
Жетпіс бестің көре берің қызығын,
Басып өтіп сексеннің де сызығын.
Ғылым жолда ізденуден қайтпаған
Тілеулеспіз дәйім аға Сіз үшін.
Құтты болып бүгін жаңа жасыңыз,
Сексен, тоқсан, жүзге қадам басыңыз.
Аман болып жас ұрпақтың бағына
Өрге қарай өрлей берсін тасыңыз.
Жетпіс беске толу деген – бір бақыт,
Әркімге де бұйырмайды бұл бақыт.
Ғұмырыңыз ғасырларға ұлассын,
Төбеңізден Жаратқаным нұр шашып.
Ізгі ниетпен, ініңіз
Марат Дүйсенұлы
МАМАДИЯРОВ.