«БІР МҮДДЕ, БІР МАҚСАТ, БІР БОЛАШАҚ»

Қоғам
26 Views

Түркістан қаласындағы «Конгресс-холл» ғимаратында «Әділ билер» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бір мүдде, бір мақсат, бір болашақ» атты форумы өтті. Оған аталмыш қоғамдық бірлестіктің төрағасы Серік Ергебеков модераторлық жасады. Жиынға Түркістан облыстық, Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері, Түркістан облыстық, аудандық, қалалық прокуратура қызметкерлері, Түркістан облыстық, Шымкент қалалық, аудандық полиция басшылары, Түркістан облыстық, Шымкент қалалық, аудандық ішкі саясат басқармасы басшыларының орынбасарлары, Түркістан облыстық, аудандық, қалалық, Шымкент қалалық, аудандық Ардагерлер мен Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары, «Манда» медиация және психология орталығының» медиаторлары, «Әділ билер» РҚБ билері, Біріккен Ұлттар Ұйымының, «Қызыл Ай» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Үкіметтік Емес Ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің кеңесшісі, Жоғарғы Сот кеңесшісі, ҚР Бас Прокуратурасының Құрметті генералы Рахымбек Мамырбаев «Бір мүдде, бір мақсат,бір болашақ» тақырыбында баяндама жасады. Серік Ергебеков «Әділ билер» РҚБ-нің жұмысымен таныстырды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, ҚР Мәжілісінің депутаттары – Қазыбек Жарылқасынұлы Иса, Данабек Исабеков, Қайрат Балабиев «Күшті Президент, Ықпалды Парламент, Есеп беретін Үкімет»; Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов, Түркістан облысының Бас прокуроры Мұрат Тілеубердиев, Түркістан облысының полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов «Қоғаммен бірге түбегейлі өзгеріс»; БҰҰ-ның (ғұмыр бойына) консультанты, Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық комитеттің комиссары (Франция), Астана Халықаралық қаржы орталығы – AFC) тіркелген «WIRSAW investments» компаниясының басқарма төрағасы Сапаралы Бейбіт «Қоғам – адаммен, Адам – қоғаммен санассын»; Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының экс-муфтиі, Ислам институтының директоры Серікбай Ораз «Дін және дәстүр сабақтастығы. Билердің қоғамда алатын орны»; Түркістан облыстық, Шымкент қалалық Ардагерлер мен Ақсақалдар кеңестерінің, Қазақстан Халқы Ассамблеясының Түркістан облыстық, Шымкент қалалық филиалдарының төрағалары күн тәртібіндегі мәселе бойынша, «Манда» медиация және психология орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Салтанат Әбдікәрімова «Билер мен бітімгерлер»; «Аманат» партиясы Түркістан облыстық, Шымкент қалалық филиалдарының төрағалары – Алтынсары Үмбетәлиев, Мұрат Жолдықожаев, Қазақстан Халық ПартиясыТүркістан облыстық филиалының төрайымы, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Зухра Қамбарқызы, ҚХП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бақтияр Жандарбек «Партиялар халықтың мүддесін тиімді қорғауға тиіс» тақырыбында баяндамалар жасады. Олардың бәрі қазіргі қазақ қоғамында орын алып отырған жағымды және келеңсіз жағдаяттар жайлы ойларын ортаға салып, жарқын болашаққа деген ізгілікті де игілікті ниеттерін жарыса жеткізді.
Басқосу барысында әжелер ән-би ансамблінің мүшелері өнер көрсетіп, көпшіліктің көңілін сергітіп тастады. Жалпы алғанда, бұл форум оған қатысушыларға жақсы әсер қалдырды.

Фатима ҚАНАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *