ДӘСТҮРЛІ ӘДЕБИ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қоғам Әдебиет
23 Views

28 және 29 сәуір күндері Қазақстан Жазушылар одағының «Әдебиетшілер үйінде» дәстүрлі Әдеби жыл қорытындысы өтті. Онда 2024 жылы жарыққа шыққан кітаптар мен әдеби басылымдардың әділ бағасы берілді. Бір жыл ішіндегі әдебиеттің жетістіктері мен кемшіліктері сарапталады. Әдеби жиын барысында әртүрлі жанрлар бойынша баяндамалар жасалып, жарыссөздерге кезек берілді. Жазушылар одағы ғимаратында жанрлық секциялар бойынша талдау-талқылаулар жүргізілді.
Жиын бағдарламасы аясында мынадай маңызды іс-шаралар өтті:
– Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы, Қазақстанның Құрметті жазушысы атағы, сондай-ақ «Сәуле-Куяш» және Абдумажит Дөләтов атындағы республикалық әдеби сыйлықтардың иегерлерін салтанатты түрде марапаттау;
– Қазақстан Жазушылар одағына жаңадан қабылданған қаламгерлерге Одақтың мүшелік билеттерін тапсыру рәсімі;
– Балалар әдебиетін қолдауға бағытталған жаңадан бекітілген «Ертөстік» әдеби сыйлығының ережесін таныстыру.
Өзге өңірлердің қаламгерлерімен бірге күншуақты Оңтүстіктің бір топ қаламгерлері де марапаттан тыс қалмады. Захардин Қыстаубаев (суретте) пен Серік Жанәбілов «Қазақстанның Құрметті жазушысы» атанды. Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облысындағы өкілетті өкілі Айдар Сейдәзім «Жапырақ ғұмыр» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иеленді.

Ә. ҚАҢТАРБЕК.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *