«Ордабасы» футбол клубы жеке басқаруға өтеді

Спорт
16 Views

Шымкент қаласының әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды. Бұл меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында жүзеге асты.

Құжатта жеке инвестициялар тарту, тұрақты нарықтық басқару моделіне көшу және заманауи корпоративтік басқару стандарттарын енгізу көзделген. Негізгі бағыттар арасында материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаттығу инфрақұрылымын дамыту, басқару үдерістерін цифрландыру және клубтың коммерциялық тиімділігін арттыру мәселелері бар.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіби спортқа жеке инвестиция тарту футбол инфрақұрылымын дамытуға, жас ойыншыларды даярлауға және Шымкент қаласының елдегі жетекші футбол орталықтарының бірі ретінде позициясын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Бұл маңызды қадам Шымкенттің елдегі жетекші футбол орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайтады. Ол клубты ұлттық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті етуге, мүмкіндіктерін кеңейтуге және кәсіби спорттың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қосымша ресурстар жұмылдыруға мүмкіндік береді», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Өз кезегінде Шахмұрат Муталип компанияның клубты дамытуды ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастыратынын айтты. «Ордабасы» – тарихы бай және жанкүйерлері мықты қолдайтын клуб. Біздің алдымызда инфрақұрылымды жақсарту, жас ойыншыларды даярлау және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *