Шымкентте 35 отбасы баспаналы болды

Қоғам
100 Views

Шымкент қаласында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бағдарламаның кезекті кезеңі аясында 35 отбасы жалдамалы пәтерлердің кілтін алды.

Пәтер кілттерін табыстау салтанаты «Көрме» көрме орталығында өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс тойын тойлап отырған тұрғындарды құттықтады. Қала басшысы баспана мәселесін шешу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Берілген пәтерлер мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, толық емес отбасыларға, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғаларға табысталды.

Көпқабатты тұрғын үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Үйлер қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген және қоныстануға толық дайын.

Осылайша, Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда.