Шымкентте екі қарағандылықтан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Заң Қоғам
23 Views

Шымкент қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар қала аумағында есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінді.

Тексеру кезінде күдіктілер жалға алған пәтерден 250 грамм синтетикалық есірткі — мефедрон тәркіленді. Аталған көлем заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.

Сонымен қатар, жасырын орыннан кейіннен өткізуге дайындалған 30 грамм гашиш табылып, айғақ ретінде алынды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.