ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАСЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН КӨГАЛДАНДЫРУ ЖОСПАРЫН ТАБАНДЫ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

Билік Жастар Мәселе Саясат Қоғам
14 Views

Президенттің “Таза Қазақстан” акциясы аясында қала аумағын көркейту, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұрғындар үшін жайлы, таза ортаны қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда қаланың жалпы аумағы 772 гектарды қамтитын 300 нысан тұрақты күтімге алынған. Оның ішінде: 36 саябақ (342 га) – демалыс пен табиғат сүйгіш тұрғындар үшін жасалған жайлы кеңістік; 80 гүлзар мен аллея (169 га) – қаланың эстетикалық келбетін арттыратын көркем жасыл желек; 168 көше (134 га) – көшелерді көгалдандыру арқылы қала микроклиматын жақсарту; 16 жасыл алаң мен алаңқай (127 га) – қоғамдық кеңістіктерді адамдар үшін тартымды ету жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы жасыл қордың қазіргі жағдайы да әсерлі: 1 487 680 дана ағаш пен бұта; 8 гектар гүлзар аланы бар, 345 гектар газон аумағы күтіп-бапталуда.

Бұл көрсеткіштер Түркістанның жасыл инфрақұрылымының жыл сайын кеңейіп келе жатқанын, қаланың экологиялық тепе-теңдігін сақтау мен микроклиматын жақсарту бағытында кешенді жұмыстың нәтижесін айқын көрсетеді. 2026 жылға арналған стратегиялық жоспар бойынша көгалдандыру көлемі едәуір ұлғайтылады.264 000 дана ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған, оның ішінде 79 000 дана көктемде, 185 000 дана күзде егілетін болады, Қала аумағына 2 миллион дана біржылдық және көпжылдық гүл отырғызу қарастырылған.

Сонымен қатар, қаланың 10 көшесінде жасыл қоршаулар қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар тек қала көркемдігін арттырып қана қоймай, шаң-тозаң деңгейін төмендетуге, экологиялық таза орта қалыптастыруға үлес қосады