ШАРДАРА АУДАНЫНДА «КӨКТЕМ-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Билік Мәселе Саясат Қоғам
29 Views

Түркістан облысы Шардара ауданында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Іс-шара барысында мекемелердің жауапты қызметкерлері қажетті техникасымен, құрал-жабдықтарымен және жеке құрамымен бірге белгіленген уақытта Шардара әуежайына жиналып, жоғары дайындықтарын көрсетті.

Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы іс-қимылдар пысықталып, қызметтердің өзара үйлесімді жұмысы тексерілді.

Шараға аудан әкімінің орынбасары мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі жедел жасақтардың дайындығын, арнайы техникалардың әзірлігін және материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін бағалады.

Жаттығу соңында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, дайындықты одан әрі жетілдіру бойынша міндеттер айқындалды.