Прокурорлардың талап арыздары негізінде Созақ, Арыс және Қазығұрт аудандарының соттары аталған аудандардың үш тұрғынының «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде орналастырған діни араздық пен алауыздықты қоздыратын аудио файлдарын экстремистік деп таныды. Мұның алдында осы азаматтар сот үкімдерімен діни араздық пен алауыздықты қоздырғандары үшін екі жылға (ҚР ҚК 174-бабымен) бас бостандықтарынан айырылған болатын. Прокурорлардың сотқа талап арыздарды енгізулеріне-ғаламтор желісінде таратылған аудио файлдарда рулық, діни араздықты пен алауыздықты қоздыратын белгілері бар екенін көрсеткен сот психологиялық-филологиялық және дінтанушылық сараптама қорытындысы негіз болды.
Осы орайда, ҚР «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес дiни араздықты немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылық жасау мен зорлық-зомбылық жасауға шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрi мен денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни тәжірибені қолдануға бағытталған әрекеттер – экстремистік деп танылатыны халық назарына жеткізіледі. Мұндай әрекетер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер қаралған.
Түркістан облысының прокуратурасы.