ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНА ТҮСТІ

Ақорда Билік Жастар Заң Мәселе Саясат Уақыт Экономика Қоғам
33 Views

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдарды тазалауға 20 техника, 132 жұмысшы жұмылдырылған.

Ал облыстық жолдарда 22 дана техника, 82 жұмысшы тазалық жұмыстарын атқаруда. Жолдардың тазалығы тұрақты бақылауда. Биыл аталған бағдарлама аясындағы іс-шараларды күшейту жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.

Мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяғдарлама аясында биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, күнделікті жүргізілетін 7257 тазалық шарасының жоспары бекітілген.

Облыс аумағында қоқыс жиі жиналатын 117 «ыстық нүкте» анықталды. Атап айтқанда, адам көп шоғарланатын орындар, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандар, базарлар, мал базарлар, кеден бекеттері, тарихи және шомылатын орындар сияқты нүктелерге баса назар аударылды. Аталған нүктелердің арнайы картасы әзірленіп, бөлек жоспар бекітілді. Бұл аумақтарда тұрақты мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар бұл орындарға бейнебақылау камераларын орнату және Полиция департаментімен күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізу жоспарлануда.

Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарлама аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Эко-патруль» белсенді жастар жобасын іске қосу көзделіп отыр. Қазіргі таңда, 387 белсенді жастың тізімі жасақталып, олардың әлеуеті осы салаға бағытталады.

Бұдан бөлек, «Ғарыш сапары» тарапынан анықталған қоқыс орындары тұрақты қадағаланып келеді. Соңғы екі жылдағы талдау нәтижесі бойынша бей-берекет қоқыс орындарының саны 367-ден 249-ға дейін төмендеген. Сондай-ақ телеграмм-чат-бот «TAZAQAZBOT» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтінімдер тұрақты түрде бақылауда. Бүгінгі күнге дейін 3 524 өтінім қабылданып, оның 3 518 орындалған. Қалған 6 өтінім қаралу үстінде.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Таза Қазақстан» бағдарламасын уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруды, жұмысты жандандыруды тапсырды.