ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ТҰРАН АУДАНДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

Билік Жастар Заң Кездейсоқ жаңалықтар Мәселе Саясат Уақыт Экономика Қоғам
17 Views

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби және Тұран аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізді.


Қала тұрғындары бірқатар өзекті әрі әлеуметтік маңызы бар мәселені көтерді.

Тұрғындар ерекше күтім қажет ететін азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру, қоғамдық кеңістіктерді дамыту, бейнебақылау камераларын орнату, баспана беруде кезекті сақтау, сондай-ақ, көп қабатты үйлерді жылумен қамтамасыз ету және жаңарту мәселелерін жеткізді.

Сонымен қатар, жер қатынастары, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдері мен автотұрақтарды ұйымдастыру, маңдайшаларды қаланың бірыңғай дизайн-кодына сәйкес рәсімдеу, аулаларды абаттандыру және көгалдандыру мәселелері де көтерілді.

Кездесу барысында тұрғын алаптардағы жаңа үйлерге газ жеткізу, мәдениет үйлерін салу, дренаж және суағар жүйелері де талқыланды.

Сындарлы диалог барысында мегаполис басшысы жауапты тұлғалармен бірге тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты түсіндірме берді. Аудан әкімдері мен басқарма басшыларына келіп түскен өтініштердің орындалуын бақылау тапсырылды.