ҚАЙРАТ НҰРТАЙ ЕЛБАСЫ МЕН ЕЛДІҢ СЕНІМІН АҚТАП ЖҮР МЕ?!

Билік
1 372 Views

Елбасы үлкен сенім артып, Шымкент қаласына екінші рет әкім етіп тағайындаған Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымовтан біз де үлкен үміт күтетініміз анық. Оның жас та болса іскерлік қарым-қабілетін жоғары бағалаймыз. Бірақ, мегаполис мэрінің жанқиярлықпен жігерлі жұмыс атқаруына өзінің командасындағы орынбасарлары, соның ішінде оң қолы болып саналатын бірінші орынбасары ортақ мүдде жолында бірегейлікпен жұмыс істей алмай отырғаны көңілді күпті ететін сияқты.

Газетіміздің өткен санында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Ырзақұлы Нұртайдың жоғары лауазымдық қызметін қалай атқарып жүргені жөнінде арнайы мақала жариялауды жоспарлаған едік. Өкінішке орай, оған жолығып, сұхбаттасудың сәті түспеді. 5 желтоқсан күні сағат 16.15-те қала әкімдігіне барып, қабылдауға кіруге берілген №26 бір жолғы рұқсат қағазын қолымызға алғанымызбен, оның көмекшісі № 219 кабинет иесінің жиналыс өткізіп отырғанын хабарлады. Содан сағат 18.15-ке дейін күткенімізбен әлгі жиналысы құрғыр бітпей қойды ма, әлде Қайрекең бітіргісі келмеді ме, ол жағы бір Аллаға ғана аян. Болмады. Осылайша бетпе-бет отырып, ашық-жарқын көңіліміздегі күдікті сауалдарға жауап ала алмадық. Есесіне біздің Қайрат Ырзақұлына қойған сауалдарымызды қабылдай келе Мөлдір Кәукенова үш күн ішінде редакцияға жазбаша жауап жолдайтындарын айтты.

Міне, осындай себептерге байланысты біз әзірге республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық «Қазақстан жолы» газетінің ағымдағы жылдың 26 мамырындағы №20 (695) санында жарияланған Әділ Мұратбековтің «Судай шашқан 31 млн. теңгені Қызылордадан әкеп пе едің, Қайрат Нұртай?» деп аталатын сыни мақаласын сілтеме жасап жариялаумен шектеліп отырмыз. Әріптесіміздің жанайқайы тегін жазылмаса керек-ті. Бұған БАҚ-тарға өткізетін тендердің әділетсіз өткізілуі себеп болған шығар-ау, бәлкім.

Сонымен, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Ырзақұлы Нұртаймен жүргізілген сұхбатты газетіміздің келесі санынан оқитын боласыздар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *