Серік ӘБДИЕВ – ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ПРОКУРОРЫ

Билік
1 850 Views

Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры тағайындалды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы бұйрығымен Серік Үмбетұлы Әбдиев Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметіне тағайындалды.

С. Әбдиев 1984 жылы 17 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген, Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі. Соңғы қызмет орны – Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары.

Серік Үмбетұлына алдағы қызметіне сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *