ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫ

Қоғам Құқық
1 173 Views

Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров ынтымақтастық пен серіктестік туралы Меморандумға қол қою мақсатында Түркістан және Шымкент қалаларында орналасқан жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті. Бұл – Елбасының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған бастамасын жүзеге асыру шарасы болып табылады.

Меморандум негізінде тараптар арасында тығыз байланыс орнап, студенттерге прокурорлық қызметтің ерекшеліктерін тереңірек білу жағдайы туындайды, ал қадағалау органдарына прокуратура органдарындағы қызметтік бос орындарға үміттенуші үздік студент – құқықтанушылардың тізімін қалыптастырып, оны қанағаттандыруға жол ашылады. Осы мақсатта облыс прокуратурасында жоғары оқу орындарының студенттері арасында Түркістан облысы прокурорының кубогы мен «Құқық саласындағы үздік студент» атауларына байқаулар жарияланды. Байқау үш кезеңнен өткізіліп, әр кезеңде қатысушының білімі мен білгірлігі, шешендігі мен алғашқы таныстыру шеберліктері бағаланады. Аталған байқаудың қорытындысын үстіміздегі жылдың 24 сәуірі күні шығару жоспарлануда.

Түркістан облысы прокурорының бұл бастамасын жоғары оқу орындарының басшылары қолдап, ризашылықтарын білдіріп, өзара тиімді бірлескен жұмыс жүргізуге дайын екенін жеткізді.

Түркістан облысының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *