Шымкент қаласындағы Абай атындағы орталық кітапханада «Ұлт саулығы –мемлекеттің басты басымдығы» атты іс-шара өткізілді. Онда «Жас-Ай» Халық-аралықмедициналық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының докторы,профессор, академик, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі,«Ерен еңбегі үшін» медалінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының «Құрмет белгісі»,Халықаралық Сократ орденінің иегері, Еуропа медицина қауымдастығыныңҚазақстандағы ресми өкілі Жасан Зекейұлының үш бірдей кітабының тұсаукесеррәсімі ұйымдастырылды. Олар «Жасан Зекейұлының қанатты сөздері жәнеғұламалардан жиналған ғибратты сөздер», «Табиғи тағаммен және дәрілік шөптерменемдеудің рецептері, амалдары», «Бел омыртқа аурулары диагнозы және тиімді емдеужолдары» деп аталған ғылыми еңбектер болатын.
Тұсаукесер рәсімінде Нармахан Бегалыұлы, Шойбек Орынбай, Сабырбек Тұрлыбексекілді ақын-жазушылар құттықтау сөз сөйлеп, Жасан Зекейұлының Халықденсаулығын сақтау жолындағы ерен еңбегімен қатар ғалым және қаламгерлікқарым-қабілетінің де аса жоғары екеніне айрықша тоқталды. Жазушы, тарихшы,шежіреші, Шымкент қаласы ақын-жазушыларының «Қаламгер» қоғамдық бірлестігініңтөрағасы Момбек Әбдәкімұлы Жасан Жекейұлына «Үздік шығармашылығы үшін»төсбелгісін табыстады.
Басқосу барысында Шымкент қаласындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Гүлсім Шатырбекова, бір топ қадірменді қонақтар сөз сөйлеп, өздерінің жүрекжарды ізгі тілектерін жеткізді. ОККЖ-не қарасты №8 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі Манат Керімбекова ғалым, жазушы, дәрігердің кітаптар жинағына шолу жасады. №4 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі Гүлмира Рысбаева кеш иесінің өмірі мен шығармашылық жолы жайлы баяндама жасады. №11 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі Айжан Баймұханбетова арнау өлең оқыды. Талиға Наханова мен Гүлмира Сапарова секілді кітапханашылар әуелетіп ән салды.
Кеш соңында Жасан Зекейұлы сөз сөйлеп, қыз-келіншектерді айтулы мерекмен құттықтаумен қатар, өзіне көрсетілген құрмет үшін кітапхана ұжымы мен жиналған жұртшылыққа ризашылығын білдірді. Құтханаға кітаптар жинағы мен «Жас-Ай» журналының жаңа сандарын сыйға тартты. Шымкент қалалық мәслихаты, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы және «Жас-Ай» Халықаралық медициналық орталығы арасында үшжақты меморандумға қол қойылғанын мәлімдеді. Соның нәтижесінде алдағы уақытта көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға көрсетілетін медициналық көмек біршама қолжетімді болмақ.
«Әділет-ақпарат».
Р.S. Бұл ізгілікті де игілікті іс-шара жайлы толыққанды материал газетіміздің келесі санында жарық көретін болады.