ҚОЛӨНЕРШІЛЕРДІҢ ӨНЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Рухани жаңғыру
1 324 Views

Түркістан төрінде «Ұлттық қолөнер – Ұлы мұра» тақырыбы аясында халқымыздың баға жетпес құндылығын дәріптеуге арналған қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Мәдени іс-шара Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Қолөнершілердің мәртебесі ұлықталған күні Арбат алаңы бойында облыс орталығына қала, аудандардан келген ісмер, зергер, ағаш ұсталарының жасаған бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. «Ұлы даланың мұрасы» аталатын жәрмеңкенің ашылуында жазушы Мархабат Байғұт, ардагер журналист Байдулла Қонысбеков бастаған зиялы қауым өкілдері қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады.

Есім хан алаңында жалғасқан шараның негізгі бөлігіне сай аймақ басшысының орынбасары Ербол Садыр өңір жұртшылығын Алғыс айту күнімен құттықтап, бірқатар қолөнершілерге арнайы марапат ұсынды. Зергерлік бұйымдар, керамика, ағаш ою, былғарыны көркемдеп өңдеу, тоқыма, киіз басу салалары бойынша үздік деп танылғандар дипломдар мен сый-сияпаттарға ие болды.

Атадан мирас болған қазақылықтың иісі аңқыған өнерді насихаттауға арналған Тұран даласындағы фестиваль республикаға танымал әншілердің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *