МЕРЕКЕМЕН, МЕЙІРБАН ЖАНДАР!

Қоғам
900 Views

Қымбатты қыз-келіншектер! Жыл сайын көгілдір көктеммен бірге келетін төл мерекелеріңіз құтты болсын! Биылғы мейрам өте бір өзгеше жағдайда тойланғалы отыр. Олай дейтініміз, Елбасымыз бен жаңадан жасақталған ел Үкіметі нәзікжандыларға айрықша қамқорлық жасауға барынша ниетті екенін білдіруде. Көпбалалы, жалғызілікті, мүгедек аналардың бәріне қатысты бірқатар жеңілдіктер жасалумен қоса-қабат жәрдемақылар мөлшері арттырылмақ.Тағы басқа да игілікті жоба-жоспарлар жасау көзделуде.

Халыққа білім беру саласында қызмет ететіндердің арасында әйелдер қауымының басым екенін бәріңіз жақсы білесіздер. Жас ұрпаққа терең де сапалы білім мен тәлімді тәрбие беру жолында жемісті еңбектерімен көзге түсіп жүргені көптеп саналады. Олардың арасында Еңбек Ері атанғандары да, Батыр аналар да, сан түрлі білім мен өнер бәйгелерінде оза шауып, бәйге алып жүргені де баршылық. Біз үшін ұлағатты ұстаздарымыздың, тәлімді тәрбиешілердің бәрі де қымбат.

Бүгінде бүкілхалықтық талқылаудан өтіп отырған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы да ұстаздар қауымына үлкен міндет пен жауапкершілік жүктемек. Олай дейтініміз, мұғалімдер басы артық шаруалардан құтылып, ешнәрсеге алаңдамай, тікелей шәкірттерге сабақ беру, тәлім-тәрбиемен ғана айналысатын болады. Әріптестеріміздің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында оларды өркениетті елдерге, еліміздің беделді университеттеріне оқуға, тәжірибе арттыруға жіберу, тағы басқа да ынталандыру шараларын қолға алып отырмыз. Әрине, мұның бәрі жарқын болашағымыз – жастардың мектеп қабырғасынан білімді, білікті, тәрбиелі болып шығуына оң ықпал ететіні айтпаса да түсінікті шығар.

Қымбатты ұстаздар қауымы! Сіздерді айтулы мерекелеріңізбен шынайы құттықтаймыз! Жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қиын да жауапты жұмыстарыңызға жеміс тілейміз!

Ақ ниетпен,

Ақерке АБЫЛАЙХАНҚЫЗЫ,

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *