ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТҰҢҒЫШ ГЕНЕРАЛЫ

Тұлға
1 666 Views

16 сәуір күні №59 жалпы орта білім беретін мектеп пен №83, №125 жалпы орта білім беретінмектептерінің желілік қауымдастығы аясында «Жаңартылған бағдарлама — білім ментәрбие берудегі табысты болашақ кепілі» тақырыбындағы қалалық семинарөткізілді. Семинарда №125 жалпы орта білім беретін мектептің жоғары санаттыұстазы, тарих пәнінің мұғалімі Гүлайым Тұрымбетова жетекшілік еткен 9 «а» сыныпоқушысы Диас Лесбай өз ғылыми-шығармашылық жұмысын қорғады. Диас Лесбай өзжобасын қорғап, 2019 жылы 28 наурызда ҒЗБ жанындағы «Мұра» Жас зерттеушілержәне шығармашылардың кіші академиясы ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезов атындағыОңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен ғылыми-зерттеу және шығармашылықжобалар байқауына қатысып, марапатқа ие болды. 12-13 сәуір күндері Алматықаласында «Тұран» университетінде өткен «Қазіргі замандағы ғылым: жаңакөзқарас» атты мектеп оқушыларына, студенттерге және жас ғалымдарға арналған VРеспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының үшінші дәрежелі жеңімпазы.Стратегиялық зерттеулер және жастар саясаты институтының ұйымдастыруыменөткізілген «Жастар және ғылым -2019» республикалық ғылыми жұмыстар жәнеинновациялық жобалар байқауының жеңімпазы атанып, 1 дәрежелі дипломыменмарапатталды. Зерттеу жұмысының тақырыбы «Ұлы даланың –тұңғыш генералы» .

Сабыр Омарұлы Рақымов 1902 жылғы 25 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкібел ауылында дүниеге келген. Бұл өңірде негізінен Суанның Бағыс рулары қоныстанған. Бұрын халық бұл ауылды «Бағыс ауылы» деп атайтын. Сабыр Рақымовтың Айқынбай, Жетібай бабалары Жоңғар шапқыншылығына, Қоқан хандығына қарсы күрескен батыр кісілер екен. Жетібайдан тараған Жанжігіт датқа – Төле бидің қасында жүріп Ташкент қаласының маңында билік құрған адам. Осы Жанжігіттен Үсен, Үсеннен Мәмбетқұл, Мәмбетқұлдан Омарқұл, Омарқұлдан Сабыр тарайды. Мәмбетқұл атасы да датқа болған, яғни, ел басқарған адам.

1922 жылдың қараша айында оны озат жұмысшы ретінде Бакудегі Біріккен әскери мектепке оқуға жолдамамен жібереді. Мұнда көбінесе орта буынды әскери командирлер мен құрғақта соғысатын атты әскер кадрларын дайындайтын. Қысқасы, осы кезден бастан оның әскери қызметі басталады. Сабырдың өзі ұзын бойлы, алып денелі, батыр тұлғалы болған екен. Әрі білімділігімен, алғырлығымен, өжеттілігімен қатарластарынан ерекшеленіпті. Бірде осы мектептің курсанттарын сынап көру мақсатында былайша айтқанда, емтихан алуға КСРО-ның әскери істері жөніндегі халық комиссары, қолбасшы Михаил Фрунзе келеді. Мұғалімдер жауынгерлер арасында атпен жүру мен қылыш ұстау өнерінен сайыс ұйымдастырады. Сонда Сабырдың ат үстіндегі шеберлігіне, қылышты жақсы меңгергеніне, әскери сауаттылығына қолбасшы Фрунзенің өзі ерекше тәнті болып, оған қоладан құйылған аттың мүсінін сыйға тартқан екен. Сондай-ақ, Сабыр жас кезіннен-ақ ұйымдастырушылық қабілетімен, қоғамдық жұмысқа жиі араласуымен ерекшеленген. Курсант кезінен бөлімше командирі, сосын взвод командирі болған.

1925 жылы осы әскери мектепті үздік бітіргеннен кейін Сабыр жолдамамен Самарқан қаласындағы атты әскерлер дивизиясына жіберіледі. Алғашында атты эскадроннының біріне взвод командирі етіп тағайындалады. Көп кешікпей эскадрон командирі болады. Бұл кезде елде басмашылар қозғалысы жүріп жатқан болатын. Бұл шайқастың негізгі күшінің бірі Қашқадария облысының Китаб қаласында орналасқан еді. Оқуды жаңа бітірген Рақымовтың взводы осы жерде басмашылармен шайқасады. Сабырдың взводының ерлігіне ризашылық білдіріп, С.М.Буденный оған семсер қылыш сыйлапты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылғандай: «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі». Сабыр Рахымов – нағыз аттың құлағында ойнаған, бес қаруын асынған салт атты сарбаз, айбарлы батыр ретінде тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды деп біз толық айта аламыз.

Соғысқа майор болып барған Сабыр бабамыз небәрі екі жылдың ішінде генерал атанады. Соғыс кезінде үш бірдей дивизияға басшылық жасады. Сталин бұл кісіге «темір генерал» деп ат қойған. Ол жөнінде «Генерал Рахимов» атты көркем фильм түсірілді. Өзбекстандағы ауылдар, мектептер, Ташкенттің бір ауданы, көшесі, метро бекеті, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Көкібел ауылындағы орта мектеп Рахимов есімімен аталады. Ташкент қаласында Рахимовқа ескерткіш орнатылған. Польша Республикасының бір траулері генерал Рахимов есімімен аталады.

Сабыр Рахимовқа 1965 жылы 6 мамырда КСРО Жоғары Кеңесі Төреалқасының Қаулысымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

2002 жылы Түркістан қаласында «Коммунизм» мектебіне Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор С.Рахимов есімі берілді. 2003 жылы 30 мамырда Шымкент қаласында республикалық «Жас ұлан» мектебіне Кеңес одағы батыры Сабыр Рахымов есімі берілді. Мектеп ішінде Сабыр Рахымовқа арналып музей ашылған. Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Тәуке хан көшесінің бойында Жеңіс саябағында ескерткіші орнатылған.

Қорыта келе егемендікке қол жеткізгеннен кейін ұлттық тарихымызды қайта зерделеп және оны жаңаша таныстыруға мүмкіндік алғанымыз анық. Алдағы уақытта Орталық Азия мен Қазақстанның тұңғыш генералы Сабыр Омарұлы Рахымов туралы еңбектер жарияланғанымен, заманауи талаптарға сай таныстыру мен насихаттау жұмыстары тыңғылықты жүрмегенін айтып өткіміз келеді. Бұл жобаның тармақшасы ретінде тарихи сабақтастық орнатамыз деген ойдамыз. Қазіргі жас буын өкілдерінің толығырақ танып біле бермейтіні себепті Сабыр Рахымов Омарұлы туралы толық ақпаратқа сусындап, патриоттық жаңа сатыны қалыптастыруға ықпал ететінімізге сеніміміз мол.

Гулайым ТУРУМБЕТОВА,

№125 жалпы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі,

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *