АУДИТ САЛАСЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҚ

Қоғам
950 Views

Мемлекеттік аудит саласының жұмыстары енді ашық болады. Әр маусым сайын сала мамандары қоғам өкілдерімен кездесіп, атқарған жұмыстарын баяндап отырмақ. Бұл туралымемлекеттік аудит саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы өткен семинар-кеңесте айтылды. Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тағы басқа да органдармен бірлесіп, бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдалануын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді.

Сала мамандары басқосуда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың «Мемлекеттік аудит» бөлімін бақылау және қадағалау органдарының өкілдерімен жан-жақты талқылады.

Республикалық бюджетті игеруді бақылау бойынша есеп комитетімен жүргізілген бюджеттік қаржыны игеру мониторингін ұлғайтумен бірге аталған қаржыны игерудегі құқық бұзушылықтардың өсуі де байқалады. Бұл өз кезегінде мемлекеттің бюджеттік саясатын жүргізудегі қадағалаушы органдардың маңызды рөлін көрсетеді, – деді Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бастығының орынбасары Ербол Тұрсынбеков.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа соқтыратын себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында және мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіруге, қаржылық бақылауда мемлекеттің жұмысын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар талқыланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *