МАҚТААРАЛДА 35 МЫҢ ГЕКТАРҒА МАҚТА ЕГІЛЕДІ

Экономика
803 Views

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мамыр айынан бастап шаруалар мақта егу науқанынажаппай кірісіп кетті. Биыл мақтааралдық шаруалар 35 мың гектар жерге ақ алтын шитін себеді деп күтілуде. Бұл үшін 1 мың тоннаға жуық тұқымдық шит дайындалып, сортына қарай 230-350 теңге аралығында сатылуда. Сонымен қатар Түркия менҚытайдан да тұқымдық шит тасымалдануда.

Көктемгі дала жұмыстарына 954 ауыл шаруашылығы тракторлары, 415 чизель, 3876 тырма, 212 тұқым сепкіш техникалары қатысуда. Биыл шаруаларға көмек беру мақсатында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Ырыс» микро қаржы ұйымы арқылы жылдық 6 пайызбен 293 млн. теңгеден аса несие берілген.

Айта кетейік, өткен жылы ауданда ауыл шаруашылығы өнім көлемі 42 млрд. теңгеге жеткен болатын. Соның ішінде өсімдік шаруашылығы 32,2 млрд. теңге, мал шаруашылығы 9,6 млрд. теңге, ауылшаруашылық қызметі 278 млн. теңгені құраған.

Өткен жылы ауданда 38 мыңнан аса гектарға мақта дақылы егіліп, аудан бойынша 96 511 тонна «ақ ұлпа» қамбаға жиналды. Орташа өнімділік 25 центнерге жетіп, мақташылар жылды толағай табыспен аяқтаған.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *