САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Қоғам Құқық
1 142 Views

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық салық төлеушілердің қызметін тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқызу арқылы санаттау енгізілді.

Салық төлеушілерде тәуекелдерді бағалау жүйесін (ТБЖ) қолдануға қатысты, сондай-ақ ТБЖ жүргізу барысында ескерілетін санаттар бойынша сұрақтар жиі туындайды.

Салық кодексінің 136-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушілер (салық агенттері) ұсынған салықтық есептіліктің деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдауды жүзеге асырады.Осы талдаудың нәтижелері негізінде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық салық төлеушілерді (салық агенттерін) санаттау олардың қызметін тәуекел дәрежесінің төмен, орташа немесе жоғары санатына жатқызу және салықтық әкімшілендірудің саралап қолдану шараларын қолдану жолымен жүзеге асырылады.Салық кодексінің 137-бабының 1-тармағында көрсетілген өлшемшарттардан басқа тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары құпия ақпарат болып табылады. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі (Қағида) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.02.2018 ж. № 252 бұйрығымен бекітілген.

Осыған сәйкес, тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері бойынша салық төлеушінің қандай тәуекел дәрежесіне жатқызылғандығы туралы ақпарат жылына екі рет анықталатын болады және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілерге «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасына жіберіледі, ал 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап аталған ақпарат ҚР ҚМ МКК ресми сайтында жарияланатын болады.Сонымен бірге, тәуекел дәрежесімен қоса, тәуекелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есептелуі туралы мәліметтер салық төлеушілерге «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасына жіберіледі.

Егер салық төлеушілеркөрсетілген өлшемшарттар мен келіспеген жағдайда немесе түсініктеме және ұсыныс болған жағдайда «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына жібере алады.Мемлекеттік кірістер органдарымен алынған негізделген түсініктемелері болған жағдайда тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде есепке алынып, салық төлеушіге өзгертілген ақпарат жіберіледі.

Жоғарыдағы аталған санаттар бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 8(725-33)-2-58-68 сымтетікке хабарласуға болады.

Б. ДЖУМАНОВ,

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің талдау және тәуекелдеу басқармасының бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *