ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ БАРЫСЫ ҚАЛАЙ?

Қоғам
1 227 Views

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы латын графикасын оқытужәне ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізу бөлімінің басшысы Ә.Абдуллаевамен латын графикасына көшу жөнінде сөйлескен едік. Сонда ол ел өміріндегі өзекті мәселе жайында былай деген болатын.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен латын графикасындағы қазақ әліпбиініңсоңғы нұсқасы бекітіліп, 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшірілуін қамтамасызету, ұйымдастырушылық және заңнамалық сипатта шаралар қабылдау жөніндетапсырмалар берілген болатын. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев латын графикасына көшужұмыстары жалғасын табатынын атап өтті.

Бүгінде Үкімет жанынан IT-технологиялар саласындағы сарапшыларды тарта отырып, қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі төрт жұмыс тобы құрылып, орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық және ақпараттық бағытта мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда республикалық «Тіл-Қазына» ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірге үш бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда,

Біріншіден, осы жылдың наурыз-қараша айларында Астана қаласында латын қарпіндегі емле-ережелерді оқытатын тренерлерді дайындайтын курсқа Шымкент қаласынан 14 оқытушы қатысады. Аталған курстардан біліктілігін арттырып, тренерлік сертификатқа ие болған мамандар ғана осында оқыту процесін іске асыратын болады. Қазіргі таңда орталықтың 6 оқытушысы тренер сертификатын алып, курсты жүргізуді бастап кетті.

Екіншіден, 2-3 сәуір аралығында екі күндік дәрістер ұйымдастырылып, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың мемлекеттік тілге жауапты 65 маманы арнайы сертификатқа ие болды.

Үшіншіден, «tilalemi.kz» сайтында аптасына екі рет белгіленген уақыт аралығында жалпы көпшілікке арналған онлайн-сабақтар ұйымдастырылатын болады.

Бүгінде латын әліпбиін оқытудың бір айлық курсының күнтізбелік жоспары жасалып, 200-ге жуық қызметкер аталған курсты аяқтап, сертификатқа ие болды. Мемлекеттік органдардың, мекеме, ұйым, кәсіпорындардың тілдерді меңгеру деңгейі мен латын әліпбиі курсынан өтуді қажет ететін қызметкерлерге талдау, сараптау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, 2019-2025 жылдары Шымкент қаласы әкімі аппараты, аудан әкімдіктері, басқармалардан – 551, бюджеттік салалардан – 10 982 қызметкерді (денсаулық сақтау саласынан – 7621, спорт саласынан – 1804, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласынан – 950, мәдениет саласынан – 400, жастар ісі саласынан – 207) латын әліпбиін оқыту курсынан кезең-кезеңмен өткізу жоспарланып отыр.

Орталық оқытушыларының бастамасымен латын графикасын үйренушілерге арнайы әдістемелік құрал мен жұмыс дәптері әзірленіп, баспадан шығарылды.

Шымкент қаласында мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру мәселесі бойынша желілік кесте әзірленіп, іс-шаралар жоспары бекітілді. Кестеге сәйкес мемлекеттік органдарда, мекемелерде, жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, атқарылған жұмыстар жергілікті БАҚ арқылы және әлеуметтік желілерде жан-жақты насихатталды. Орталық ұйытқы болған іс-шараларға лингвист-ғалымдар, тіл мамандары, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар және басқа да әлеуметтік топтардың мүшелері қамтылды.

2018 жылғы 15 маусымда емле-ереженің жобасын таныстыру мақсатында өткен «Латын графикасына көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» ғылыми-тәжірибелік конференцияға республикалық орталықтың ғылыми кеңесшісі, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры, жергілікті және аумақтық атқарушы органдардың қызметкерлері, жергілікті ғалымдар мен белсенді тіл жанашырлары қатысты.

12-14 қараша аралығында «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбында Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында өткен ақпараттық-насихаттау іс-шарасына 1200-ден астам қала тұрғыны қатысты;

13 қарашада латын графикасын енгізуде қазіргі жазу дәстүрін сақтау, өткен жазу тәжірибесін негізге алу, ықшам жазудың жолдарын нақтылау мақсатында «Тілдерді және латын әліпбиін оқытудың инновациялық әдістері» семинар-тренинг өтті; 14 қарашада жалпыхалықтық диктант ұйымдастырылып, оған 40000-ға жуық қала тұрғындары қатысты.Биылғы 26 ақпанда химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебімен» бірлесе отырып, «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» аймақтық семинар-тренингі өткізілді. Республикалық орталықтың ғылыми қызметкерлері, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облыстарынан келген тіл мамандары тілдерді және латын әліпбиін жеделдете оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінде «LATYN ÁLİPBIİN ÚIRENEMİZ!» айдары ашылып, тұрақты түрде ақпараттық-практикалық сабақтар жариялануда.

Ересек тұрғындарды тілдерді және латын әліпбиін оқыту курстарына шақыру мақсатында Қонаев, Тәуке хан даңғылдары, Байтұрсынов, Қазыбек би, Ильяев көшелерінде билбордтар ілінді. Алдағы уақытта жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы насихаттайтын жарнамалық бейнероликтер топтамасын дайындау, телесабақтар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Әбдісаттар ӘЛІП.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *