ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЖЕГІ ҚҰРТ

Қоғам Құқық
1 134 Views

Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияныңқажеттілігіне анық көз жеткізілді. Осыған байланысты 2014 жылғы 26 желтоқсандаҚазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсыжаңа стратегиясы бекітілді. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайласжемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққақарсы қозғалысқа кез келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік танытуатмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақҚазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Стратегияменбелгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;қоғамдық бақылау институттарын енгізу; мемлекеттік және жекеменшіксекторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау; құқық қорғау және соторгандарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; сыбайлас жемқорлыққа қарсымәдениет деңгейін қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесібойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Бүгінгі таңда халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылық арқасында экономикамыз өркендеп, соның салдарынан азаматтарымыздың хал-ахуалы жақсарып келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және әкімшілік реформалар – мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттерге басты назар аударылған. Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді. Содан бері мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып келеді. Олардың жұмыстары бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кеміп келеді. Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің аса маңыздылығын түсіне отырып, сыбайластыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды қолдану туралы тапсырмалар берді. Осының нәтижесінде өзіне мемлекеттік қызметке өту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысуды жинақтаған жаңа орган құрылды. Ел Президентіне тікелей бағынатын орган болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. Өйткені, бүгінде азаматтардың мемлекеттік органдармен жасайтын кез келген қарым-қатынасы, бір жағынан, сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдаумен байланысты.

Мейірман АМИРОВ,

Еңбекші аудандық сотының судьясы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *