ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЕНЕДІ

Қоғам
834 Views

Жыл басынан бері Шымкентте 21 көлік компаниясына кемшіліктерді жою жөнінде 67 ескерту хат жолданған. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын бақылау мақсатында көлік компанияларының өкілдерімен бірге рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. 2019 жылдың нәтижесінде талапты сақтамаған екі бағытпен келісімшарт бұзылған.

Қалада 2018 жылы әлеуметтік маңызы бар жалпы 10 бағыт бойынша автобустар шалғайдағы шағынаудандарға қатынай бастады. Атап өтсек, 55, 141, 142, 143, 144, 146, 147, 148, 149 және 150 бағыттары күнделікті қала тұрғындарын тасымалдауда.

– «SHYMKENT» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы биыл 1000 автобус сатып алуды жоспарлауда. Жоба бойынша 300 автобус маусым-шілде айларында, қалған 700 автобус жылдың соңына дейін сатып алынады. Электронды төлем жүйесін ендіру бойынша корпорация әлеуетті инвестор «Оңай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге жұмыстар істелуде. Электронды төлем жүйесін 2019 жылдан бастап 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ендіру жоспарланып отыр, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, бүгінде шаһарда 33 шақырымды құрайтын 11 магистралды көшеде құрылыс, қайта құру және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бір жерүсті өткелінің және бес көпірдің құрылысы және қайта құру жұмыстары атқарылуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *