Бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жылдың алтыншы мамырында еліміздегі Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Тарихи күн. Маңызды сәт. 2006 жылдан бастап 6 шілде – Елорда күні ретінде аталып өтілетін болды. Қай елдің болмасын астанасының маңызы ерек екені әрбірімізге мәлім. Бар қазақтың, алып Қазақстанның жүрегі бұл қаламен үндес. Қала тарихын айтпағанның өзінде, бүгінгі даму үрдісі күн санап өсіп келеді. Елорданың бүгіні мен болашағын қағаз бетіне түсірмес бұрын мына бір маңызды датаны айтып кетейін. 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атауын экс-Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде Жарлық шығарды. Экс-Президент демекші, Н. Ә. Назарбаевтың қаланың дамуына үлесі мол. Әлеуметтік-техникалық прогресстің көптеген белгілері мен қаланың даму бағыты Астана атауымен бір сарында жатыр. Астана қашанда – ел жүрегі. Көз ашқанымыздан көріп, біліп, естіп жүрген Астана атауының қас-қағым сәтте өзгеріп кетуі уақыт талабына сай үдеріс еді.
Нұр -Сұлтан атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз нұрдың сұлтаны дегенді білдіреді. Нұр және Сұлтан сөздері қазақ тіліне араб тілінен ауысқан. Онда ол «нұр басшылығы» деген мағынаға ие. Қала «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр» сынды аудандардан тұрады. Бүгінгі басты жоспар – қаланың тіршілік тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған. Антропоэкологиялық тұрғыдан алғанда бұл ең алдымен адам өз қолымен жасаған ортада оның тығыз қауымдасуы. Экономикалық, саяси-әлеуметтік жағынан алып қарағанда қала ірі мегаполис дер едік. Күннен-күнге халық көп шоғырланып келеді. Ірі бизнес пен көлік магистралінің таптырмас ордасы деуге де болады. Ғылым мен білім, мәдениет пен инновация Елордаға сай қарқынды дамып келе жатыр. Басқа елдермен қарым-қатынас тікелей осы қала арқылы жүргізілгендіктен, жергілікті халықтың білімді, мәдениетті болуы – заңды құбылыстардың бірі. Өсу мен даму жағынан буыны қатайып келе жатқанмен климаты жағынан келеңсіздіктер кезігеді. Себебі әлемдегі ең суық астаналардың бірі. Бұл табиғи құбылысқа еті үйреніп кеткен қала халқының саны бұрынғыдан біршама өскен. Шетелдік инвесторлардың қаладағы бірнеше тың жобаларға тұрақты түрде инвестиция құйып отыруы – қарым-қатынастың ошағы екенін жете түсіндіреді. Жыл сайынғы тойланып келе жатқан Астана күні – мемлекеттік мейрам. Қаланың тойлану күніне бюджеттен қомақты қаржы бөлінетіні де рас. Түрлі отшашулардың түнгі қаланы күн сәулесіндей жарқыратып жіберуі, қарапайым халықтың көңіл-күйін көтеретіні хақ. Біршама концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, біз олардың ешқайсысынан қалыс қалмаймыз. Тіпті ештеңе түсінбесе де кішкентай балапандарымыз мәз-мейрам болып, қызыққа батады. Бірлігіміз жарасқан ел болсақ, әр қазақтың жүрегінде бұдан асқан арман болушы ма еді? Тыныштығымыз бен татулығымыз, бірлігіміз бен берекеміз жоғалмас деп тілеймін!
Бағаналы Орда – басты Ордамыз өркендеп, өсе берсін!
Қасымжомарт ҚУАНЫШБАЙ,
№94 жалпы орта мектептің түлегі.
Шымкент қаласы.