МЕГАПОЛИС: ЖАҢА ФОРМАТТА

Қоғам
966 Views

«Алға тартқан озады,кейін кеткен тозады. Біз жылдан-жылға жаңарып, жаңғырып келеміз. Қазақ: «Елужылда ел жаңа», – дейді. Біз жиырма жылдан асар уақытта жүз жылға бергісізжолды артта қалдырдық», – деп ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаев күннен-күнге көз тоймастай көркейіп келе жатқан еліміздің даму жолындағы өзгерісін тілге тиек еткен болатын. Осыған орай, Шымкент қаласыныңБас жоспарына сәйкес аумағы кеңейіп, халық саны өскен шаһарда инфрақұрылымдыдамытуға басымдық берілгені белгілі. Қаланың Бас жоспары ең алдымен Шымкенттіңархитектуралық ажарын айқындайтын, оған ерекше кескін мен келбет беретінкөрнекті жоба. Соның ішінде салынатын тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстықнысандардың, тағы басқа да ғимараттардың бір-бірімен үйлесімді болуы асамаңызды. Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасына қарасты жұмыстардың атқарылуы қалай? Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасықұрылыс саласында белгіленген тәртіппен бекітілген қаланың Бас жоспарын іскеасыру жөніндегі қызметті үйлестіреді. Осы төңірегінде ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығындаатқарған жұмыстары туралы мәлімет беру мақсатында аталмыш басқарма басшысыЖеңіс Байымбетовтың қатысуымен Шымкент қаласы әкімдігінде баспасөз брифингіөтті.

Шымкент – 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанады. Соның негізінде жиында Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жеңіс Байымбетов атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісті.

– 2019 жылдың алғашқы алты айында басқарманың құзыретіне сәйкес 19029, соның ішінде: «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» –19, жылжымайтын мүлік нысандарының мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру – 18165, эскизді (эскиздік жобасын) келістіру – 173, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру – 629, жарнама құрылғыларына рұқсат берілген нысандар саны – 17, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру – 26 мемлекеттік қызмет көрсетілді, – деді басқарма басшысы.

«Сыртқы жарнама нысандары бойынша басқарма мамандары мен аудан әкімдіктері бірлескен жұмыстарының нәтижесінде төрт аудан бойынша рұқсатсыз орналасқан 265 жарнамалық қалқандар алынды. Орталық көше бойында орналасқан жарнама құрылғыларды заманауи талаптарға сәйкес (LED-экрандар) орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Сыртқы жарнама нысандары бойынша ағымдағы жылдың алты айында – 126 363 745 теңге көлемінде салық өндірілді. Құрылысы аяқталған 4282 жеке тұрғын үй, 315 коммерциялық нысан, 21 мемлекеттік нысандар пайдалануға берілді. Қала аумағында заңсыз және заң талабы бұзылып салынған құрылыстарға мониторинг жүргізіліп, 104 нысан анықталып, құзырлы мекемеге жолданды», – деп жіберілген заңсыздықтарды да атап өткен Жеңіс Байымбетов Шымкент қаласының Бас жоспарын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталып шықты.

«Қала аумақтарына жасақталған жобалар саны – 73. Жалпы қаланың құрылыс салу жоспарланған аумағының 90 пайызы егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтылған. 2019 жылы 7 аумаққа аталған жоспарлау жобалары жасақталуда.

Биыл жергілікті бюджеттен жоғарыда айтылған жұмыстарды жалғастыруға 77 миллион теңге көлемінде қаржы қарастырылып, 32500 шаршы аумаққа түгендеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Қаланың 8500 шаршы аумағы 1986 жылы Кеңес Одағы кезінде түсірілген 1:500 масштабта қамтылған. Жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге қарастырылып, 49500 шаршы аумаққа топографиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы 117 000 шаршы аумаққа 1:500 масштабта топографиялық зерттеу қамтамасыз ету сметалық құжатқа сәйкес 3 млрд. 736 млн. теңгені құрайтын. Бүгінгі таңда мердігер топографиялық зерттеуді 1 шаршы аумаққа 1:500 масштабта бес мың теңгеге жүргізуде.

2018 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бағдарламасы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның» 46-қадамына сәйкес «Электронды архитектура» жүйесін басқармада жүзеге асыру бойынша «Геосервис» ЖШС-мен 24 млн. 833 мың теңгеге келісімшарт жасалып, басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бұл электронды бағдарлама мемлекеттік қызмет алушыларға және мемлекеттік қызмет көрсетушілерге уақыт тиімділігі мен қағазбастылықты азайтуға әрі сапалы қызмет көрсетуге оң әсерін беруде.

Дәлірек айтар болсақ, регламент бойынша мекенжай анықтамасын беру 7 күн, нақтылау 3 күн болса, «halyksaulet» жүйесі арқылы 15 минутта алу мүмкіндігі бар. Жалпы ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап 498 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Осы бағытта цифрлық форматта жұмыс жүргізу бойынша шамалап 3 ай көлемінде қағаз шығынына 150 000 теңге, бояу мен жөндеу жұмыстарына 28 000 теңге және бір маманның (әдіскер) жалақысы есебінен 165 000 теңге үнемделді. Жалпы 3 айға 348 000 теңге үнемделіп отыр. Сонымен қатар сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге техникалық шарттарды монополистік мекемелерден (газ, су, жарық) электронды түрде алуға әзір. «ҚазТрансГаз» мекемесінің басшылығымен әкім орынбасары мен цифрландыру басқармасының басшысымен бірлесе бірнеше рет жиналыстар өткізілді. Бірақ, осы күнге дейін «ҚазТрансГаз» мекемесінен бұл жүйеге қосылу бойынша ешқандай нақты шаралар қабылданбай отыр.

Сондай-ақ, басқарма Жер кодексінің 43,44-1,48,49.1- бабтарына сәйкес әзірленетін қала құрылысы қорытындыларын электронды түрде ұсынуға әзір. Бірақ Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы (Жеркадастр) арасында жер телімдері бойынша берілген мемлекеттік актілерін координаттары арқылы нақтылап бекіту жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтқан басқарма басшысы қаланың сәулеттік көрік беру бойынша жұмыстарымен де таныстырды.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымовтың тапсырмасы бойынша төрт аудан әкімдерімен бірлесе отырып, аудан аумағында орналасқан көшелердің қасбеттері мен абаттандыру жұмыстарына эскиздік жобалар әзірленіп, қаладағы ескі аялдамаларды жаңарту мақсатында бірнеше нұсқада сызбалық жобалар ұсынылды. Қошқарата өзенінің аумағын ретке келтіру, абаттандыру жұмыстарын (30 метр) жүргізу, Темір жол бекетінің алдындағы дүңгіршектерді орнында қалдыру бойынша, Қабанбай батыр көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін қалпына келтіру және көше бойын абаттандыру бойынша эскиздік жобалар әзірленді. Нұрсат шағынауданы аумағына Жұмат Шаниннің мүсінін қою, «Түркістан» сарайының аумағына Домбыраның мүсінін, Ескі қалашық аумағын қайта құрылымдау және абаттандыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Ескі қала аумағындағы тозығы жеткен 29 метрлік аз қабатты үйлердің орнын көпқабатты жаңа тұрғын үйге айналдыру, әуежайды қайта құрылымдауға сызбалық ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ, «Шымкент-Сити» қалашығында 420 шаршы аумаққа 9-12 қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар және 47 метр аумаққа саябақтың да жобалары енгізілуде. Шымкентті дамытудың 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспары бекітілді»,– деген Жеңіс Байымбетов өз сөзінде қала аумағындағы нысандардың сыртқы келбеті бір жүйеге келтірілетінін де жеткізді.

Осы орайда, материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің сапасын арттыру барысында аталмыш басқармаға жүктелетін міндет орасан. Сондықтан сала мамандарының игі істерінің оң нәтижесін көрейік. Қаламыз көркейіп, гүлдене берсін дегіміз келеді.

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *