Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылы Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлемнің 30 алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына кіру үшін атқарылар жұмыстар жайында егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.
Жолдауда Елбасы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын он міндетті айрықша атап өтті. Құжатта бүгінгі таңда әлем елдерін алаңдатып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заң үстемдігін қамтамасыз етудің аса маңыздылығы туралы да айтылды.
Елбасы Жолдауда «Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет» деп қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына да баса назар аударуды тапсырды.
Сонымен қатар Елбасы тапсырмасына орай бюджет қаржысын жұмсауға қоғамдық бақылау орнатуға, мемлекеттік органдардың қызметі туралы деректерді алуға, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және мемлекеттік органдардың шешімдерін талқылауға азаматтардың қатысуына мүмкіндік бере-тін «Ашық Үкімет» жүйесі жүзеге асырылатынына тоқталды. Бұл дегеніміз мемлекеттік органдардың қызметін барша қазақстандықтардың жария түрде талқылауына мүмкіндік береді. Азаматтардың конституциялық құқықтарының кепілдіктері нығайып, заң үстемдігі қамтамасыз етіледі.
Гүлзат ӨНЕРБАЕВА,
Әл-Фараби ауданы бойынша МКБ-ның мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы.